Құжаттық аккредитивтерді сақтандыру

Бұл сақтандыру өнімі Экспорттаушының банкіне (Растаушы банкіге) Импорттаушының тапсырмасы бойынша Экспорттаушының пайдасына арнап құжаттық аккредитивті ашқан Эмитент-банктің қаржылық міндеттемелерін орындамау тәуекелінен қорғауды ұсынады.

Сақтандыру аккредитивін сақтандыру кімдерге арналған? — құжаттық аккредитивті сақтандыру құжаттық операцияларды жүзеге асыратын қазақстандық банкілердің барлығына Эмитент-банктің міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру мүмкіндігін ашады.

 


«Құжаттық аккредитивтерді сақтандыру» сұлбасы бойынша рәсімнің кезең-кезеңдік сипаттамасы:

  1. Экспорттаушы Импорттаушымен тауар/қызмет көрсетуді жеткізу туралы келісімшарт жасасады.
  2. Импорттаушы Импорттаушының банкіне (Эмитент-банкіге) Экспорттаушының пайдасына арнап кепілдікті шығару туралы арызын ұсынады.
  3. Импорттаушының банкі (Эмитент-банк) растауды қосып енгізу туралы сұратумен аккредитивті шығарады.
  4. Экспорттаушының банкі (Растаушы банк) пен «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өзара сақтандыру келісімшартын жасасуы.
  5. Экспорттаушының банкі (Растаушы банк) өз растамасын қосып енгізумен құжаттық аккредитивке авиза қояды.
  6. Тауарларды/қызмет көрсетулерді жеткізу.
  7. Экспорттаушы Экспорттаушының банкіне (Растаушы банкіге) аккредитивтің шарттары мен мерзіміне сай келетін төлеуге арналған құжаттарды ұсынады.
  8. Экспорттаушының банкі (Растаушы банк) құжаттарды Импорттаушының банкіге (Эмитент-банкіге) жібереді және төлемді жүргізу туралы сұрату жасайды.
  9. Экспорттаушының банкі (Растаушы банк) аккредитив бойынша төлемеуі.
  10. Экспорттаушының банкі (Растаушы банк) Экспорттаушының пайдасына арнап төлем жүргізеді.
  11. Импорттаушының банкі (Эмитент-банк) орындамаған міндеттеме бойынша КазЭспортГарант Экспорттаушы банктің (Растаушы банктің) пайдасына арнап Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру өтемақысының үлесін ескерумен сақтандыру төлемін жүргізеді.

Сақтандырумен қорғау арқылы қандай тәуекелдер өтеледі?

Коммерциялық тәуекелдер:

  • Эмитент-банктің банкрот болуы;
  • Эмитент-банктің төлемді контркепілдік шарттарымен белгіленген мерзімде орындамауы.

Саяси тәуекелдер:

  • Аккредивті шығарушы-банк елінің мемлекет органының келісімшарт бойынша жеткізіліп отырған тауарды/қызмет көрсетуді иеліктен шығару, тәркілеу бойынша әрекеттері не болмаса Банктің қызметіне аккредитивтің орындалуына кедергі болатындай кемсітушілік сипатқа ие араласуы;
  • Эмитент-банктің еліндегі Эмитент-банктің аккредитив бойынша өз міндеттемелерін орындауына кедергі болып отырған соғыс, азаматтық толқулар, жаппай сипаттағы ереуілдер;
  • Эминет-банк елінің мемлекет органының еркін айырбасталатын валютаға айырбастауды және/не болмаса аккредитив бойынша төлемнің аударымын шектейтін не оған тыйым салатын әрекеттері.

Сақтандыру өтемінің үлесі қандай?

  • Саяси тәуекелдер бойынша – арқалаған шығын сомасының 100%-на дейін.
  • Коммерциялық тәуекелдер бойынша - арқалаған шығын сомасының 100%-на дейін.