Халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық

KazakhExport халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Бүгінгі күні келісімге қол жеткізілген ірі шетелдік экспорттық-кредиттік агенттіктер: «ЭКСАР» АҚ (Ресей Федерациясы), БРУПЭИС «Белэксимгарант» (Республика Беларусь), СЗАО «Арменияның экспорттық сақтандыру агенттігі» (Армения Республикасы).

2004 жылдан бері KazakhExport – 34 елдің 37 агенттіктерін және 3 трансұлттық ұйымдарды қамтитын ірі халықаралық экспорттық-кредиттік агенттіктер қауымдастығы Берн одағының Прага клубының толық мүшесі.

2014 жылғы қарашада KazakhExport Aman Union - Ислам мемлекеттері және Араб әлемінің ірі экспорттық-кредиттік агенттіктері қауымдастығының ресми мүшесі атанды.

2015 жылғы ақпаннан бастап компания 1934 жылы құрылған және экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырумен айналысатын компаниялардың бейресми бірлестігін білдіретін Берн одағының Байқаушысы мәртебесін алды.