Стратегия

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының 2017-2023 жылдарға даму стратегиясы

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының 2017-2023 жылдарға даму стратегиясы экономиканың шикізаттық емес секторындағы экспортқа бағытталған қызметтің өзінің, сондай-ақ ЖІӨ-нің 1% мақсатты  деңгейіне дейін экспортты қолдау көлемінің күтілетін өсімі жағдайында Компанияның даму бағыттарын белгілейді. KazakhExport, бір жағынан, экспорттаушылар мен шикізаттық емес экспорт көлемінің өсуіне қолғабыс көрсетуі, және екінші жағынан, көрсетілетін қолдау көлемінің ұлғаюы жағдайында өсетін клиенттік базаның талаптарына технологиялық және ұйымдастырушылық жағынан сәйкес болуы тиіс.

KazakhExport дамуының стратегиялық бағыттары экспортты қолдау құралдарын жетілдіруді, экспорттаушылар санын ұлғайту үшін жағдайлар жасауды және операциялық тиімділікті көтеруді қамтиды.

KazakhExport жаңартылған стратегиясы оның қызметін «Бәйтерек» Холдингі, соның ішінде оның барлық еншілес ұйымдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың басқа ұйымдары, атап айтқанда «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - KAZAKH INVEST) беретін бизнесті қолдау шараларының кешеніне интеграциялауды ескереді. Бұл «Бәйтерек» ҰБХ басқару органдары арқылы қызметті үйлестіруді, Холдинг үшін ортақ инфрақұрылымдық және ІТ-шешімдерді пайдалануды, сондай-ақ басқа ұйымдармен және бөлімшелермен функциялардың қайталануын болдырмауды көздейді.

Стратегияны іске асыру көпшілік жағдайда KazakhExport қызметінің мәні мен міндетін көрсететін қызметтің бас көрсеткіштерінің жаңартылған жиынына қол жеткізуге бағытталатын болады. Көрсеткіштер қатарына: қолдау көрсетілген экспорттың көлемі; қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің көлемі; қолдау көрсетілген экспорттаушылар саны; қолдау көрсетілген кәсіпкерлер шығарған өнім көлемі; KazakhExport-тың қаржы-сақтандыру қолдауын алушы-кәсіпорындардың экспорттық түсімінің көлемі. Бұл ретте, KazakhExport-тан өз қызметінің ең аз залалсыз деңгейіне (ROA 1% деңгейінде) қол жеткізу күтілетін болады.