Комплаенс – бақылаушы

 

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-да комплаенс жүйесі жұмыс істейді, оның мақсаты – комплаенс-тәуекелдерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету. Атап айтқанда, мынадай тәуекелдерді:

  • Компанияның Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын, сондай-ақ Компанияның ішкі ережелері мен рәсімдерін ұстанбауының салдарынан нұқсанның туындау тәуекелі;
  • Компанияның Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін реттеу саласындағы заңнама талаптарын ұстанбауының нәтижесінде уәкілетті органның шектеуші ықпал ету шараларын және санкцияларын қолдану, елеулі нұқсанның туындау не беделін жоғалту тәуекелі;
  • Мүдделе қақтығысының туындауының не болмаса қызметкерлердің іс-әрекетінің ішкі және сыртқы нормативтік құжаттарға сай болмауының салдарынан жіберіп алған пайда тәуекелі. 

Комплаенс функциясын іске асыру міндеті Комплаенс-Бақылаушыға жүктелген, оның айрықша құзырлығы Компания қызметінің Компанияның Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ Компанияның ішкі ережелері мен рәсімдерінің талаптарына сай болуын ішкі бақылау болып табылады. 
Комплаенс-бақылаушы лауазымына Компанияның Директорлар  кеңесі  сайлайды, ол оған комплаенс-тәуекелді басқару бойынша жүктелген функцияларды орындау кезінде тәуелсіз мәртебеге ие.

Келесі жағдайлар жайлы білген әрқайсыңыз комплаенс-бақылаушыға жүгінуге құқылы боласыз:

  • Компанияның не оның қызметкерлерінің ҚР заңнамасын бұзу фактілері жайлы;
  • Компания қызметкерлерінің қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық фактілері жайлы;
  • Компания қызметкерлерінің қатысуымен мүдделер қақтығысы туралы;
  • Сіз Компанияға жүгінген кезде кездесіп отыратын этикалық норма бұзушылықтар туралы.

Комплаенс-бақылаушыға хабар жіберу үшін, осы бетте келтірілген үлгі бойынша жасалған өтінішті оның электрондық адресіне жаза аласыз.

Сонымен бірге Комплаенс-бақылаушыға анонимді арыз жасау мүмкіндігі көзделген. Егер сіз байланыс мәліметтерін қалдарсаңыз, біз сізге оны қарау нәтижелері туралы хабарлаймыз.

Әрбір хабар міндетті түрде тексерілетін болады.

Қазіргі уақытта Компанияның Комплаенс-бақылаушысы – Кабсаматов Куаныш Акаевич.

Электрондық почта: k.kabsamatov@keg.kz, байланыс телефоны: 8 (7172) 95-56-56 ішкі 183