Омбудсмен

Қазақстан Республикасы заңнамасының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын іске асыру, корпоративтік жанжалдарды және мүдделер қақтығысын іске асыру мақсатында Компанияда Омбудсмен институты ендірілді.

Омбудсменнің міндетіне Компанияның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардан мәліметтер, шағымдар және өзге үндеулер жинау, оларды қарауды қамтамасыз ету, сондай-ақ іскерлік әдепті қолдану бойынша туындайтын дауларды қарауды, мүдделер қақтығысын реттеуді қамтамасыз ету кіреді.

Компанияның бүкіл жұмыскерлері, клиенттері, серіктестері және өзге мүдделі тұлғалары Омбудсменге жүгінуге құқылы.

Анонимді арыздар қаралмайды, бірақ дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер туралы және олардың құзыретіне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға дереу жіберілуі тиіс мәлімет жазылған жағдайлар бұған жатпайды.

Жүгінулер: ауызша, оның ішінде Омбудсменнің байланыс телефондары бойынша;

осы бетте келтірілген үлгі бойынша жасалған өтінішті Компанияның және/немесе Омбудсменнің электрондық почта адресіне жіберу жолымен жазбаша түрде жіберіле алады.

Компанияның Омбудсмені – Комплаенс-бақылаушы лауазымын атқаратын Кабсаматов Куаныш Акаевич.

Электрондық почта: k.kabsamatov@keg.kz, телефон: 8 (7172) 95-56-56, ішкі 183