Қызметіміз

 

 

Бүгінгі таңда кез келген мемлекет үшін ұлттық шикізаттық емес экспортты кеңейту ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Жаһандану жағдайында әлемдік өндірушілердің жаңа және бар нарықтар үшін бәсекелестігі өрши түседі, бұл экономикалық өсудің тұрақты жолдарының бірі ретінде мемлекет тарапынан экспорттаушыларды қолдауды қажет екендігін түсінуге әкеледі.«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі -

 

 

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам) - экспорттық-кредиттік агенттік қызметін іске асыратын Қазақстан Республикасының даму институты болып табылатын бір ғана мамандандырылған сақтандыру ұйымы болып табылады. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам бұл қызметі өңдеу секторының қазақстандық өнімінің шетел нарығын,а шығуына қолдау көрсету бойынша дұрыс қаржылық механизмдер құру мақсатында ҚР жылдамдатылған индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламада бекітілген. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өзінің негізгі қызметі шеңберінде өңдеу секторының экспорттаушы-өнеркәсіптерге және екінші деңгейдегі банктерге сыртық сауда операциялары кезінде төлем төлемеу тәуекелінен сақтандыру қорғауды ұсынады және экспорттық мәмілелердің қауіпсіздігіне кепілдік береді.


  «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғамқаржылық тұрақтылығын «Moody’s Investors Service» халықаралық рейтингтік агенттік растады, ол «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам-қа қаржылық тұрақтылықтың «Ваа2» халықаралық рейтингін берді, рейтинг бойынша болжам «Тұрақты», бұл ҚР егемендік рейтингіне сәйкес келеді.

2004 жылдан бастап қызмет істеген кезеңде «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам 400 аса қазақстандық экспортқа бағдарланған өнеркәсіптерге қолдау көрсетті, онда ТМД, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты елдерге экспорттық жеткізулер бойынша сақтандыру өтеу берілді, бұл қазақстандық өңделген өнімді сататын дәстүрлі нарықтармен шарттастырылған. Сондай-ақ қазақстандық тауарлар экспорты Италия, Германия, Литва, Латвия, Қытай, АҚШ, Швейцария, Польша, БАЭ, Индия, Украина, Беларусь, Түркия, Ауғаныстан және Монғолия елдеріне ұсынылды. Сақтандырылған инвестициялар Түркия, Иран және Түрікменстанға жіберілді.

Мұнымен қатар «Экспорттық саудалық қаржыландыру» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде 2010 жылдан бастап «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам машина жасау, тағамы және химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары сияқты отандық экономиканың шикізаттық емес секторларынан 8,2 млрд. теңгеден асатын сомадағы 183 экспорттық жөнелтімге қолдау көрсетті.

Бұдан басқа «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда, осыған байланысты ірі шетелдік экспорттық-кредиттік агенттіктермен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бүгінде 4 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылатын 2015-2019 жылдарға индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өңдеуші кәсіпорынның баса назар аударылатын 6 басым салалары «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам алдына жаңа міндеттер қояды, олар еліміздің экспорттық әлуетіне қолдау көрсетуде жаңа тиімді шешімдер іздеуді, экономика құрылымын жетілдіруге және қазіргі заманғы өңдеуші секторды қалыптастыруға қатысуды талап етеді.