2019 жылғы 9 шілде
21 ақпан 2019 жыл
2018 жылғы 26 наурыз
2017 жылғы 23 желтоқсанда
2017 жылғы 3 қарашада
2017 жылғы 10 наурызда
2017 жылғы 24 ақпанда
2016 жылғы 07 қарашада
2015 жылғы ақпан айында
2014 жылғы қараша айында
2014 жылғы 12 тамызда
ҚР Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571
2012 жылы
2005 жылғы қаңтар айынан бастап
2004 жылғы 04 қарашада
2004 жылғы ақпан айында
2003 жылғы 12 мамырда
2019 жылғы 9 шілде

«Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 489 қаулысы қабылданды. «KazakhExport» ЭСК» АҚ қаулысына сәйкес 102 млрд. теңге мөлшерінде мемлекеттік кепілдік алды

21 ақпан 2019 жыл

Жалғыз акционер – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - ның 2019 жылғы 21 ақпандағы шешімі негізінде «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталын 34 млрд. теңге мөлшерінде толықтыру жүзеге асырылды.

2018 жылғы 26 наурыз

«KazakhExport» ЭСК» АҚ негізгі кеңсесі Астана қаласына көшті

2017 жылғы 23 желтоқсанда

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Директорлар кеңесі 2017-2023 жылдарға Даму стратегиясын бекітті.

2017 жылғы 3 қарашада

«Moody’s Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігі KazakhExport-тың қаржылық тұрақтылығы рейтингін «Baa3» деңгейінде, «тұрақтығы» деген болжаммен растады.

2017 жылғы 10 наурызда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №112 Қаулысымен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ ұлттық компаниялар тізіміне енгізілді.

2017 жылғы 24 ақпанда

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының күндізгі отырысының № 09/17 Хаттамасымен «ҚазЭкспоГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ атауы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (әрі қарай – «KazakhExport» ЭСК» АҚ) атауына өзгертілді.

2016 жылғы 07 қарашада

«Moody’s Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігі «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның қаржылық сенімділік рейтингін «Ваа3» деңгейінде растады.

2015 жылғы ақпан айында

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ инвестициялар мен экспорттық кредиттерді сақтандырумен айналысатын сақтандыру компанияларының бейресми білестігі болып табылатын, 1934 жылы құрылған Берн одағының бақылаушысы мәртебесін алды.

2014 жылғы қараша айында

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ ресми түрде Ислам мемлекеттері мен араб әлеміндегі аса ірі эксперттық-кредиттік агенттіктер қауымдастығы – Aman-union-ның толық құқылы мүшесі болды.

2014 жылғы 12 тамызда

«Бәйтерек Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Даму стратегиясына сәйкес, сондай-ақ ҚР стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесі 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекітті және бұл стратегия оның миссиясын, стратегиялық бағыттарын, мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

ҚР Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571

«Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Жарлығына сәйкес «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болды.

2012 жылы

Қазақстан тарихында алғаш рет «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның қаржылық сақтандыру қолдауымен Тәжікстан Республикасына отандық локомотивтер экспорты жүзеге асырылды.

2005 жылғы қаңтар айынан бастап

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ пропорционалды негізде, сондай-ақ пропорционалды емес негізде қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыра отырып Қазақстанның сақтандыру нарығында қайта сақтандырушы компания ретінде қызмет ете бастады.

2004 жылғы 04 қарашада

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Қазақстанның сақтандыру ұйымдарының арасынан алғашқылардың бірі болып «Moody’s Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігінің халықаралық қаржылық сенімділік рейтингіне ие болды.

2004 жылғы ақпан айында

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ 34 ел мен 3 трансшекаралық ұйым өкілдерінен құралған 37 агенттік кіретін аса ірі халықаралық экспорттық-кредиттік агенттіктер қауымдастығы - Берн одағының Прага клубы мүшесіне айналды.

2003 жылғы 12 мамырда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №442 Қаулысымен Елбасының Қазақстан халқына 2004 жылғы Жолдауына сәйкес «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы»АҚ, ал 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап мемлекеттің шикізаттық бағыттан бет бұруына және экономиканың өңдеу секторындағы экспортқа бағытталған өндірістерін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға ықпал ету мақсатында даму институттарының бірі ретінде «ҚазЭкспоГарант»экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ  құрылды.