Жалғыз Акционер

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Жалғыз Акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.

Холдингті құру тарихы

«Бәйтерек»  ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы «Ұлттық даму институттарын, қаржылық ұйымдарды басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір  шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына сәйкес құрылды.

Холдингтің міндеттері

«Бәйтерек» холдингінің негізгі міндеті ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығымен тиесілі және сенімгерлік басқаруға берілген акциялар топтамасын (қатысу үлестерін) басқару болып табылады. Холдинг Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығы ұлттық даму институттарын, қаржылық ұйымдарды басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылды.

«Бәйтерек» холдингінің басты міндеттерінің бірі оның компаниялар тобының тиімді және өзара толықтыратын әрекеттерін қамтамасыз ету болып табылады.

Холдингтің миссиясы

Мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік бағытталған міндеттерді шешу және «2050-стратегиясы» белгілеген мақсаттарға қол жеткізу үшін экономиканың басым секторларын қаржыландыру және қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына қолғабыс көрсету.

Холдингтың пайымы

2023 жылға қарай – Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаржы агенті болып табылатын, ел экономикасы әртараптандыруды, жаңғыртуды және тұрақты дамытуды және мемлекеттің әлеуметтік бағытталған міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін Холдинг.

https://baiterek.gov.kz