Бос орындар

Функционалдық міндеттер
  • Дерек көзі және қауіптілік дәрежесі бойынша оларды жіктеуді қоса алғанда тәуекелдерді сәйкестендіру, сақтандыруға / қайта сақтандыруға өтініште сұралатын ақпарат пен тәуекелдерді талдау, сақтандыру жағдайының басталу тәуекелін бағалау;
  • Клиент сақтандыруды/қайта сақтандыруды ұсынатын тәуекелді бағалау, сақтандыру/қайта сақтандыру қорғанысының мерзімдері мен шарттарын анықтау;
  • Қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдаудың және ретро цессияға берудің мақсаттылығы немесе мақсатыздығы туралы ұсыныстармен тиісті қорытындыны дайындау;
  • Қайта сақтандыруды және ретроцессияны беру шарттарын ұсыну;
  • Сақтандыруға/қайта сақтандыруға ұсынылатын жобалар бойынша сарапшылық қорытындының материалдарын Қоғамның уәкілетті алқалық органы мүшелерінің қарауына беру.
Талаптар
  • Жоғары қаржылық немесе экономикалық білім;
  • Ағылшын тілін еркін білу;
  • ШОБ кредиттік талдау бағыт бойынша кемінде 3 жылдық жұмыс тәжірибесі;
Шарттар
  • Медициналық сақтандыру;
  • Біліктілікті арттыру;
  • Тоқсан сайын сыйлықақы беру;
  • Демалысқа материалдық көмек.
Функционалдық міндеттер

-Жергілікті және халықаралық нарыққа нысаналы талдау жүргізу, басқа елдердің экспорттық-кредиттік агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау жолымен сақтандыру нарығында серіктестерді іздестіруді және тартуды ұйымдастырады;

- Клиенттік базаны кеңейту, серіктестік қатынастарды орнату және қолдау мақсатында Компанияның стратегиясына сәйкес кездесулер, іс-шаралар ұйымдастыру жолымен серіктестермен келіссөздер жүргізеді;

- Серіктестің сенімділігін тексеру мақсатында қаржылық тұрақтылық пен сенімділік тұрғысынан ынтымақтастық туралы келісім жасалғанға дейін серіктестерге сараптама жүргізеді;

- Әлеуетті мәмілелерге талдау жүргізеді, алқалы органның бекітуі мақсатында ҚР Заңнамасының және Компанияның ІНҚ белгіленген параметрлеріне/талаптарына сәйкес кіріс және шығыс ұсыныстарын қалыптастырады және талдайды;

- Қайта сақтандыру шарты бойынша тәуекелдің бөлігін қабылдау/беру және сақтандыру тәуекелдерінің барабар портфелін қалыптастыру мақсатында мүдделі органдармен, ҚР заңнамасының, Компанияның ІНҚ нормаларына сәйкес қайта сақтандыру шарттарын жасасуды және мониторингілеуді келіседі;

- Тәуекелдерді барынша азайту және сақтандыру тәуекелдерінің барабар портфелін қалыптастыру мақсатында алқалы органға Ұсыныс шығару үшін серіктестерден кіріс Ұсыныстарының бастапқы андеррайтингін жүргізеді;

- Серіктестердің қаржылық жағдайын бағалау және мониторингілеу мақсатында ҚР ҰБ, Компанияның ІНҚ талаптарына сәйкес ай сайынғы және тоқсан сайынғы негізде серіктестердің жағдайын талдауды қалыптастыру процесіне бақылау жүргізеді.

Талаптар

- жоғары қаржылық немесе экономикалық білімінің болуы;

- Департамент (қайта сақтандыру) қызметінің бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болғаны абзал;

-дербес компьютермен, арнайы бағдарламалармен, ақпараттық-анықтамалық бағдарламалық қамтыммен жұмыс істеу дағдылары;

- сақтандыру/қайта сақтандыру қызметін білу, тәуекелдерді бағалау әдістемелеріне қаржылық талдау жүргізу;

- Қоғам қызметін регламенттейтін ҚР заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірісті заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелерін білу;

- ағылшын тілін білу денгейі Upper-Intermediate төмен болмауы.

Шарттар
  • Медициналық сақтандыру;
  • Біліктілікті арттыру;
  • Тоқсан сайын сыйлықақы беру;
  • Демалысқа материалдық көмек.
Түйіндемені электрондық адреске жіберу: cv@keg.kz