Тәуекелдерге баға беру

Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде экспорттаушылар да, инвесторлар да олардың мүддесін қозғайтын көптеген тәуекелдермен істес болып отырады. Тәуекелдерге баға беру экспорттаушы сақтандырғысы келетін мәміленің ерекшелігіне негізделген. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам компаниясындағы тәуекелдерге баға беру келесі екі компоненттен тұрады: саяси не елдік тәуекелдерге баға беру және коммерциялық тәуекелдерге баға беру. Жобаларға баға беру елдің (саяси) тәуекел мен шетелдегі қарсы агенттің сенімділігімен байланысты тәуекелге баға беруге негізделумен жүзеге асырылады.

Коммерциялық тәуекелдерге баға беру

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам сатып алушының сенімділігін анықтау үшін әрбір мәмілені жекелеп бағалайды. Коммерциялық тәуекелдерді бағалау кезінде сатып алушы туралы неғұрлым толығырақ ақпаратқа ие болу қажет. Біз сатып алушының еліне, салаға, нарықтық жайғасымға және қаржылық жағдайына берілген бағаға негізделеміз.
«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам қызметкерлері барлық қол жетімді ақпарат көздерін: зерттеліп отырған компаниялардың жыл сайынғы есеп берулерін, сақтандыру төлемдерінің бұрынғы мәліметтерін, Интернетті, БАҚ-ты пайдаланады.
 

Сақтандыру тәуекеліне баға беру

KazakhExport компаниясы елдік тәуекелдерді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жариялайтын елдердің тізіміне және елдердің тәуекелдер бойынша жіктемесіне сәйкес бағалайды. Бұл тізім сонымен қатар ЭЫДҰ-ға мүше-елдердің экспорттық кредиттерін сақтандыру агенттіктеріне елдердің категориялары бойынша сақтандыру мерзіміне қарай сыйақы ставкаларын ұсынады.
Елдік тәуекелдер тарифтік торламаға сәйкес анықталған, онда елдер тәуекел деңгейі бойынша 7 категорияға бөлінген: 1 — ең төмен тәуекелді, 7 — ең жоғары тәуекелді. Елдер қысқамерзімді сақтандыру бойынша жеке категорияға және экспорттық кредиттер мен инвестицияларды орта/ұзақмерзімді сақтандыру бойынша жеке категорияға ие. Мысалы, қысқамерзімді сақтандыру бойынша базалық тариф өздерінде төлемнің кейінге шегерілу мерзімі 6 айға дейін баратын келісімшарттар бойынша 0,3% және 2,4% аралығында тербеледі.

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам саяси тәуекелдерді қалай бағалайды:

1. Экспроприациялау тәуекелін бағалау:

  • мемлекет органдарының араласу жағдайлары;
  • дефолттар;
  • жобаның мемлекет органдарының әрекеттеріне тәуелді болуы.

2. Соғыс тәуекелін бағалау:

  • қарулы қақтығыстың орын алуы не туындау ықтималдығы;
  • саяси және әлеуметтік оқиғалар;
  • жобаның қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру.

3. Ақшалай қаражаттарды айырбастауға және трансферттеуге кедергінің туындау тәуекелін бағалау:

  • сыртқы берешектің және алтын-валюталық резервтердің көлемі;
  • кедергі болу не шектеу жағдайлары;
  • жобалардың әлеуеті;
  • мемлекет органдарымен келісімдер.

4. Келісімшарттық міндеттемелердің бұзылу тәуекелін бағалау:

  • өтеу қажеттігі;
  • дефолттар;
  • мемлекет органдарымен келісімдер;
  • келісімшарт шарттарының мазмұны;
  • заңнамалық орта.