Егер сақтандыру жағдайы орын алса, не істеу керек?

 

Егер «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам сақтандырған мәмілемен қиындық туындаған болса, Сіз «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам-қа бұл туралы мүмкіндігінше тездетіп хабарлауға тиіссіз. Сіз «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам-қасатып алушыда біз сақтандырмаған өзге мәмілелерді төлеумен байланысты қиындықтар туындаған жағдайда да хабарлауға тиіссіз. Сіздің бізбен телефон, электронды пошта арқылы не болмаса Өзіңізге ыңғайлы кез келген әдіспен байланысуыңызға болады.

Сақтандыру жағдайы орын алған кездегі біздің әрекеттеріміз

Біз сақтандырылған мәмілемен байланысты мәселенің туындағаны жайлы білгеннен кейін:
Біз өзіңізбен кеңесе отырып мәселенің себебі мен көлемін зерттейміз.
Егер біз мәселе төленбеу тәуекелі орын алатындай дәрежеде қиын болуда деп санасақ, онда біз бұл туралы Сізге хабарлаймыз және залалдарға жол бермеу не болмаса оларды барынша азайту үшін не істей алатынымызды талқылаймыз.

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам қандай шара қабылдайтыны мәселенің болмысына байланысты. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам залалдың себепбі мен көлеміне қатысты тергеу жүргізіп және залалды азайтуға арнап шара қабылдауға тырысады. Ол үшін Сіз бізге қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға тиіссіз.
Үлкен және/не күрделі мәмілелер халықаралық банкілер не болмаса «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өзге елдегі серіктестері сияқты өзге тараптарға қатысты болып отыруы мүмкін. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам ондай ұйымдармен тығыз қатынасады және осындай мәмәлелердегі тәуекелдерді азайтуға көмектесуі мүмкін.

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өтемақысы

Егер Сіздің сатып алушыңыз сол не өзге мәселенің туындауына орай мәміленің ақысын келісімшарттың шарттарына сәйкес төлей алмаса, Сіздің сақтандыру жағдайының орын алуы туралы еркін пішіндегі хабарламаны ұсынуыңызға болады.

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам сақтандыру өтемақысын алу үшін:

Сіз тосын жағдай туралы бізге кез келген қол жетімді әдіспен, телефон арқылы, e-mail не хат арқылы хабарласаңыз болады.
Сақтандыру жағдайы оның заңдылығы туралы ешқандай күмән және дау тудырмауы тиіс.
Сізге сақтандыру сомасын төлемес бұрын Сіздің сақтандыру жағдайының орын алуы туралы хабароламаңызды Заң департаменті қарайтын болады. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам сақтандыру жағдайының белгілеріне ие оқиғаның орын алу фактісін және себептерін анықтайды; сақтанушының арызында көрсетілген мәліметтердің ақиқатқа сай болуын тексереді; сарапшыларды не бағалаушыларды тарту қажеттігін анықтайды.

Тиесілі төлем жүргізу күнінен басталатын күту кезеңінен кейін «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам сақтандыру төлемін жүргізеді. Біз сізге өзіміз төлейтін соманы растайтын хатымызды және сіздің банкілік деректемелеріңізді жіберетін боламыз. Сақтандыру төлемінің сомасы шартсыз франшизаны шегерумен, сіздің залалыңыздың көлеміндегі сақтандыру сомасы шегінде жүргізіледі және келісімшарттың шарттарына қарай 75% және 90% аралығында тербеліп отыруы мүмкін.
«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам сақтандыру төлемін күту кезеңі аяқталғаннан кейінгі 30 күн ішінде төлейді. Сақтандыру төлемдерін жүргізудің тәртібі мен шарттары «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам сақтандыру ережелерінде көрсетілген, оларды Сіз мына жерден көре аласыз.

Күту кезеңі не үшін қажет?

Күту кезеңі — бұл сақтандыру жағдайының орын алуы туралы арыз бен сақтандыру төлемін жүргізу күнінің арасындағы кезең, осы уақыт аралығында «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Сізбен бірге не болмаса өз бетінше залалды азайту шараларын қабылдайды. Мұндай уақыт кезеңі залалдың алдын-алуға арналған шаралар сияқты сақтандыру келісімшартында бастапқыдан-ақ келісіледі. Күту кезеңі аяқталғаннан кейін, егер жағдай реттелмей қойса және ақша шотымызға түспесе, KazakhExport сақтандыру төлемін жүргізеді. Сондай-ақ осы кезең ішінде KazakhExport сақтандыру жағдайының орын алуына дәл қандай тәуекелдердің (коммерциялық не саяси) себепкер болғанын анықтауы тиіс.

Күту кезеңі коммерциялық тәуекелдер үшін 120 күнге және саяси тәуекелдер үшін 180 күнге тең.