Жаңалықтар

2019 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ШИКІЗАТТЫҚ ЕМЕС ЭКСПОРТ ГЕОГРАФИЯСЫН КЕҢЕЙТЕДІ

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығының алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында Елбас берген тапсырмаларды орындау шеңберінде экспортты арттыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабарлады.

Президент Жолдауының шеңберінде «KazakhExport» ЭСК» АҚ үшін 2019 жылы бөлінген қаражаттар компанияның жарғылық капиталын ұлғайтуға және мемлекеттік кепілдіктің жаңа түрін енгізуге бағытталатын болады.

ҚР ИИДМ деректері бойынша өңдеуші өнеркәсіп экспортының үлесі соңғы 5 жыл ішінде 9%-ға өсті, сондай-ақ 2018 жылдың 11 айы ішінде жалпы экспорт 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,4%-ға өсті. Өнімдердің шикізаттық емес экспорты $14,3 млрд. құрады.

Неғұрлым толық ақпаратты: https://primeminister.kz/ru/news/all/v-2019-godu-kazahstan-rasshirit-geografiu-nesirevogo-eksporta-a-kabikenov-17719?utm_source=telegram.me&utm_medium=social&utm_campaign=v-2019-godu-kazahstan-rasshirit-geografiyu сілтемесіне өту арқылы алуға болады.