Баспасөз-релизі

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Ресей-Қазақстан бизнес-форумында сәтті кейстермен таныстырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 қарашада Ресей-Қазақстан бизнес-форумының алаңында және іскерлік байланыстар биржасында «KazakhExport» ЭСК» АҚ Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі сауда-экономикалық миссиясына қатысты. Миссия шеңберінде «KazakhExport» ЭСК» АҚ компаниясының өңірлік менеджері Армана Бекбасова сәтті кейстерді таныстыра отырып компанияның қаржы құралдарының мүмкіндіктері туралы хабарлады.

Армана Бекбасованың айтуынша, «KazakhExport» ЭСК» АҚ негізгі қолдау құралдарының бірі сауданы қаржыландыру болып табылады, оның арқасында ресейлік импорттаушының қазақстандық өнімдерді сатып алуға ұзын арзан ақша алу мүмкіндігі пайда болады Сонымен қатар өңірлік менеджер сәтті кейстер ретінде «Аралтұз» АҚ және «Алагеум Электрик» Холдингі секілді компанияларды мысалға келтірді, олар өз қызметінде қолдау шараларын пайдалануды сәтті іске асырды.

Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі сауда-экономикалық миссиясы Санкт-Петербург сауда-өнеркәсіп палатасының, Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының  және Санкт-Петербургтің Сыртқы байланыс комитетінің қолдауымен  қазақстандық және ресейлік кәсіпкерлердің сауда қатынастарын дамыту, екі елдің арасында іскерлік байланысты орнату және өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатынды болып өтті.

Миссия «Петерфуд – 2018» XXVII Халықаралық азық-түлік көрмесіне арналды. Іс-шараға ҚР-ның Санкт – Петербургтегі бас консулы  Иманбаев Болат, ҚР-ның РФ-ғы Сауда өкілі Сартбаев Бауржан, сондай-ақ тамақ өнімдерін, құрылыс материалдарын, электрлік-техникалық жабдықтарды, химия өнімдерін, фармацевтика препараттарын және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру саласындағы қазақстандық компаниялардың өкілдері қатысты. Қазақстандық делегацияны Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Аханова басқарады.