Жаңалықтар

«KAZAKHEXPORT» ЭСК» АҚ ҚХР ТАРИХЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИМПОРТТАЛҒАН ӨНІМДЕР КӨРМЕСІНЕ (CHINA INTERNATIONAL IMPORT EXPO) ҚАТЫСТЫ

          Қытайдың ең белсенді қаласы – Шанхайда ел тарихындағы алғашқы Халықаралық импортталған өнімдер көрмесі (China International Import Expo) жалпы алаңы 1.47 млн шаршы метрді құрайтын әлемдегі ірі көрме орталығында болып өтті және мұнда әлемнің 130 елінен 3 мыңнан астам шетелдік компаниялар жиналды.

         Көлемі жағынан бойынша теңдессіз және өз мәні бойынша бірегей оқиға әлемдегі екінші экономиканың ауқымында бүкіл әлем бойынша іскерлік ынтымақтастық пен байланыс орнату үшін платформаға айналды.

     «KazakhExport» ЭСК» АҚ компаниясының Қытайдағы өкілі Салманов Сергей қазақстандық кәсіпорындардың өкілдерімен бизнес-семинарлар өткізді, мұнда ол өндірушілер әдетте тауар экспорты кезінде кезігетін проблемалар туралы әңгімелеп берді. Бұған қоса, Сергей экспорттаушыларды қолдауға бағытталған қаржы құралдарымен таныстырды, сондай-ақ «KazakhExport» ЭСК» АҚ-мен жұмыстың артықшылықтары туралы хабарландырды. Кәсіпкерлерді жеткізушінің сенімділігін тексерудегі «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның көмегі, сондай-ақ экспорттаушының кредитін сақтандыру, экспорт алдындағы қаржыландыру және аванстық төлемді сақтандыру секілді құралдары өте қызықтырды.

Байланысқа тапсырыс беру