Жаңалықтар

KazakhExport ҚХР-дағы шетелдік өкілі Алматыда өткен іскерлік форумда сөз сөйледі

2019 жылғы 14 мамырда Алматы қаласында ҚХР, Цзяочжоу қаласы Үкіметінің қатысуымен «Қытай-ШЫҰ өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастығының пилоттық аймағы» іскерлік форумы өтті.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 2018 жылдың маусым айында ШЫҰ саммитінде Циндао қаласында өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықтың пилоттық аймағын құру бастамасының Үкімет тарапынан қолдау табатыны туралы ресми түрде жариялады. Цзяочжоу қаласы - пилоттық аймақтың орны - солтүстік жағалау ауданының полюсі, Циндао шығанағында орналасқан туристік, инновациялық және мәдени орталық болып табылады. Форумға Цзяочжоу қаласының басшылары мен Циндао инновациялық-өнеркәсіптік корпорацияларының президенттері қатысты. Форум барысында Цзяочжоу қаласының Қазақстандағы Сауда өкілдігінің ашылу салтанаты өтті.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның ҚХР-дағы шетелдік өкілі Сергей Салманов форумға құрметті қонақ ретінде шақырылды, онда Қазақстан мен ҚХР арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, «Бір белдеу - Бір жол» бастамасы туралы презентация жасады.

Экономикалық аймақ аумағында жасанды интеллект, жабдықтар өндірісі, логистика, электрондық сауда және т.б. саладағы жобаларды іске асыруға арналған 26 нысан салу жоспарлануда. Капитал салымдарының жалпы көлемі 43,7 млрд юаньға (шамамен 6,2 млрд долларға) бағаланады. Пилоттық аймақ шеңберінде 2022 жылға қарай ШЫҰ шеңберінде тауар айналымын екі есе арттыру жоспарлануда.