Жаңалықтар

KazakhExport Татарстан мен Тәжікстандағы өкілдері ULTTYQ ÓNIM көрмесіне қатысты

Қазақстанның елордасында қазақстандық өндірушілердің ULTYQ ÓNIM көрмесі өз жұмысын бастады. "KazakhExport" ЭСК" АҚ оның бірлескен ұйымдастырушысы болды.

Көрме жұмысына KazakhExport шетелдік өкілдері Татарстан Республикасындағы (РФ) Данияр Тынымбаев пен Тәжікстан Республикасындағы Рамеш Худоиев, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындармен іскерлік байланыс орнатуға мүдделі Татарстан мен Тәжікстандағы бизнес өкілдері қатысты.

"Марьяна–Регион" ЖШҚ құрылтайшысы Минатулла Гасангусейнов, "Логистика-Трейд" МК бас директоры Айрат Гарипов (Татарстан), "Мавч Телеком" МК бас директоры Джамшед Исроилов, "Сорбон Транс" МК басқарушы директоры Насим Хакимджонзода KazakhExport шетелдік өкілдерінің қатысуымен қазақстандық кәсіпкерлермен бірқатар бизнес-кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, KazakhExport қызметкерлері көрме алаңында компания ұсынатын бизнесті қолдау құралдары бойынша қатысушыларға кеңес берді. Көрмеге қатысушылар арасындаөз өнімдерін шетелге экспорттайтын және KazakhExport қолдауына ие болған өндірушілер бар.