Баспасөз-релизі

Қырғызстан қазақстандық экспорттаушыдан инжинирингтік қызметтерді сатып алады

"KazakhExport" ЭСК" АҚ, Бішкек, 12 шілде. Бүгін Бішкекте "AAEngineering Group" ЖШС (Қазақстан) және "Глобал Джамгыр Майнинг" ЖҚБ (Қырғызстан) Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық Кеңесінің сегізінші отырысы барысында "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ қолдауымен $ 49,7 млн.-ға жуық сомаға Ынтымықтастық туралы келісімге қол қойылды.

"AAEngineering Group" ЖШС, "Глобал Джамгыр Майнинг" ЖШС және "KazakhExport" ЭСК" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім KazakhExport қолдауымен Қазақстан Республикасынан Қырғызстан Республикасына экспорт бойынша жобаларды сақтандыру және қаржыландыру саласында стратегиялық серіктестік пен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

"Глобал Джамгыр Майнинг" жауапкершілігі шектеулі қоғамы - Жалал-Абад облысы Чаткальск ауданындағы Джамгыр кенішін өндіретін алтын өндіруші компания.

"AAEngineering Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - металлургия және тау-кен байыту индустриясындағы өндірістерді, сондай-ақ энергетикалық, инфрақұрылымдық және басқа да өнеркәсіп объектілерін салуды толық тапсыру бойынша жобалау-құрылыс тобы.

2018 жылы қазақстандықэкспорттаушы "AAEngineering Group" KazakhExport-тың сақтандыру қолдауымен "Альянс Алтын" ЖШҚ - мен "Джеруй" кен орнында алтын өндіру фабрикасын салу бойынша (Қырғызстанның 100 тоннадан астам алтын қоры расталған,  маңыздылығы жағынан екінші алтын кен орны. Тау-кен секторына инвестициялардың үлесі-шамамен 40%. Қырғызстанның бюджетке және бюджеттен тыс қорларына аударымдар сомасы – шамамен $540 млн.

Бүгінгі күні Қырғызстанға өз өнімдерін,  төлемдерді кейінге қалдыруды сақтандыру шеңберінде экспорттық келісімшартар бойынша төлемеу тәуекелінен  KazakhExport қорғауына ие болған "Шымкентмай" АҚ, "Химфарм" АҚ, "Баян Сұлу" АҚ, "Алматы өнімі" ТООО, "Бал Текстиль" ЖШС сияқты,  қазақстандық экспорттаушылар жүзеге асырады.

Жыл соңына дейін "KazakhExport" ЭСК" Бішкекте міндеті-бизнес-қоғамдастықпен байланыс орнату, кәсіпкерлер мен қаржы құрылымдарын KazakhExport қолдау құралдары туралы хабардар ету болып табылатын шетелдік өкілдігін ашады.