Жаңалықтар

"KAZAKHEXPORT" ЭСК АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

                 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында "KazakhExport" ЭСК АҚ қызметкерлерінің еңбегі құрмет грамоталарымен жоғары бағаланды.

         Біздің команда Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Зауреш Айтқалиқызы Умаралиеваны және Сақтандыру департаменті директорының орынбасары Қарлыға Әбділдақызы Ниязақынованы алғыс хат алуымен, сондай-ақ «KazakhExport» ЭСК» АҚ кеңесшісі Сағыр Есенғұлұлы Кенесаринді елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Парасат» орденін алуымен құттықтайды.

              Өз әріптестеріміздің қажырлы еңбегі жоғары мемлекеттік деңгейде лайықты бағасын алғанына шын жүректен қуаныштымыз. Олардың жоғары кәсіби шеберлігі және орасан зор тәжірибесінің арқасында "KazakhExport" компаниясы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын іске асыруда қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәтті қол жеткізіп келеді.

Байланысқа тапсырыс беру