Жаңалықтар

Қазақстандық экспорттаушыларға көмек көрсетуге ниет бар

Отандық өндірушілердің өнімдері шетелдік әріптестерде сұранысқа ие, бірақ шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайту және жаңа нарықтарды дамыту үшін қосымша шаралар қажет

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасына ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ете отырып, экспорттық операцияларды қаржыландыру кезінде сыйақы ставкасын субсидиялау тетігін енгізу туралы нормалар енгізілген.

Қазақстандық өнім және Қазақстандық қызметтер экспорты халықаралық нарықтарда сұранысқа ие. Өңдеуші сектордың отандық өндірушілері де өз өнімдерін экспортқа жаңа деңгейге шығаруға дайын. Алайда, экспортталатын өнімнің сапасынан басқа экспорттық қаржыландыруды ұсыну маңызды фактор болып табылады.

Бүгінгі таңда қазақстандық экспорттаушылар көрінеу түрде жеңіліс тапқан жағдайда қалып отыр, өйткені мемлекет тарапынан экспорттаушыларды  қолдау шаралары тең емес. Бәсекелестік артықшылыққа ие болу және CIRR жылдық 2,8% ставкасына сәйкес болу үшін кейбір елдер экспорттық саудалық қаржыландыруды жүзеге асыру кезінде банктердің сыйақы ставкасын субсидиялайды. Мысалы, бұл Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Венгрияда және басқа да бірқатар мемлекеттерде орын алып отыр.

- Әр түрлі себептер бойынша - неғұрлым дамыған капитал нарығы, елдің тәуекелдері немесе мемлекеттік қолдау құралдарының болуы төмен-біздің негізгі бәсекелестерімізге экспорттық келісімшарттарды орындау кезіндегі USD 0,5-тен 3% - ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша қарыздық қаржыландыру қолжетімді. Еуропалық Одақтағы біздің бәсекелестеріміз үшін ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары) елдеріндегі ресми мөлшерлеме CIRR мөлшерлемесі бағдар  болып табылады. Мысалы, ҚХР-дан келген мердігерлерге ең төменгі мөлшерлемелі ауыртпалық мүлдем  салынбаған және олардың клиенттерге тек бұрын-соңды болмаған төлем шарттарын ұсынуға мүмкіндігі бар. Біздің нарықта екінші деңгейдегі қазақстандық банктердің мөлшерлемелері салыстырмалы түрде жоғары болып табылады (орташа алғанда 7% USD), бұл бізді тиімсіз жағдайға қояды, ал кейде бізді халықаралық нарықта бәсекеге қабілетсіз ете алады, - деді AA Engineering Group қаржы директоры Уәлихан Атагелдиев.

AA Engineering Group-қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру бойынша кешенді қызмет көрсететін инжинирингтік және құрылыс компаниясы. Компания экспортының көлемі 2017-2020 жылдары 50 млрд астам теңгені құрауы, қазақстандық қамту көлемі 25 млрд теңгеден кем болмауы тиіс.

- Біздің өзіндік құн құрылымында қаржылық шығындар (айналым капиталы, банк кепілдіктері, сақтандыру) 10-12% - ға жетуі мүмкін. Ал біздің бәсекелестерімізде олар төмен пайыздық мөлшерлемелер есебінен өз қызметтерінің өзіндік құнын төмендетуге, клиенттерге неғұрлым тиімді төлем шарттарын ұсынуға мүмкіндік бере алатын жағдайлар бар. Бүгінде біз өзге де бәсекелік артықшылықтар есебінен табысты бәсекелесе аламыз, бірақ ұзақ мерзімді перспективада қарыздық қаржыландырудың қолжетімділігі мен құны қазақстандық экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізеді, - деп толықтырды Уәлихан Атагелдиев.

Банктердің экспорттық операцияларды қаржыландыру ставкаларын халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру үшін оларды мемлекет тарапынан «KazakhExport» ЭСК» АҚ құралдары арқылы субсидиялау ұсынылады.

Бір жағынан, бұл мемлекет тарапынан қолдау шараларын теңестіруге мүмкіндік береді, оның нәтижесінде қазақстандық өнімге сұранысты ынталандыру болады, ал екінші жағынан - сақтандыру қорғауы болған жағдайда банк ресурстарын тарту есебінен бөлінетін мемлекеттік қолдау қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Субсидиялаудан болатын нәтиже қазақстандық экспорттың өсуі, салықтар мен экспорттық түсімнің түсуі, жаңа жұмыс орындарын құру, экспортқа шығатын тауарларға жинақтаушы элементтер жасайтын басқа да жергілікті кәсіпкерлерді экспорттық тізбекке тарту түрінде күтіледі.

First Heartland Jysan Bank бүгінде қызметі экспортқа байланысты әртүрлі сегменттер мен салалардан 200-ден астам компанияға қызмет көрсетеді және қаржыландырады. Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары Данияр Қожасбаевтың айтуынша, «First Heartland Jysan Bank экспорттық құрамдас бөлігі бар клиенттердің үлесін арттыру бойыынша үнемі жұмыс істейді».

- Әдетте, бұл курстық ауытқуларға ең төзімді клиенттер. Банк қарыз алушылар банктің тәуекел-тәбетіне сәйкес келген жағдайда және сапалы кепілдік базасы болған жағдайда қаржыландырудың өте тиімді шарттарын ұсынады. Біз «KazakhExport» ЭСК» АҚ-мен бірнеше жыл бойы ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз және экспорттаушыларды несиелендірудің өсуіне тікелей мүдделіміз. Бүгінгі күні KazakhExport Банктің несиелік тәуекелдерін азайту үшін және, сайып келгенде, экспорттаушылардың бизнесін қолдау үшін бірқатар қызықты құралдарды ұсынады. Біз, әрине, қазақстандық тауарлардың экспортын ынталандыру үшін компанияның ағымдағы және кез келген жаңа өнімдерін қолдануды қарастыруға мүдделіміз. Сондай - ақ, құралдар желісін кеңейту қазақстандық банктерге экспорттаушылардың қажеттіліктерін қаржыландыру үшін жаңа өнімдерді әзірлеуге және енгізуге көмектеседі деп күтеміз, - деп атап өтті Данияр Қожасбаев.

First Heartland Jysan Bank өкілінің пікірінше, жаңа шаралар қазақстандық тауарлардың экспортын арттыруға оң ықпал етеді,шетелдік импорттаушылардың сатып алу қабілетін арттырады.

Дереккөзі: https://forbes.kz/process/economy/kazahstanskim_eksporteram_hotyat_pomoch/