Жаңалықтар

KazakhExport Өзбекстандағы өкіл кеңсесін ашты

"KazakhExport" ЭСК" АҚ, Ташкент, 14 наурыз. "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ Өзбекстан Республикасында шетелдік өкіл кеңсесін ашты.

KazakhExport өкілінің кеңсесі Орталық Азия экономикалық форумы қарсаңында ашылды.

Өзбекстанның бизнес-қоғамдастығы кеңсесінің тұсаукесерінде "KazakhExport"ЭСК" АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауданың қарқынды өсуі үшін жаңа мүмкіндіктерді атап өтті.

"Біз өзбек нарығында қазақстандық шикізаттық емес өнімнің қатысуын кеңейтуді көздеп отырмыз. Ташкентте офис ашу қазақстандық экспорттаушыларға қаржылық-сақтандыру қолдау көрсетуге мүмкіндік береді және кәсіпорындардың экспорттық түсім көлемін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Руслан Искаков. 

"KazakhExport" сақтандыру қолдауымен қазақстандық экспорттаушылар Өзбекстан нарығына тамақ өнімдерін, ет және кондитерлік өнімдерді, құрылыс материалдарын және т. б. жеткізеді. Қазақстандық өнімге деген сұраныс Өзбекстанның серіктес банктерінің желісін кеңейтуге алып келеді. "KazakhExport" қазақстандық банктермен бірлесе отырып, өзбек банктері шығарған аккредитивтерді сақтандыру бойынша жобаларды қарастырады, бұл қазақстандық экспорттаушыларға тауарды жөнелтгеннен кейін бірден төлем алуға, ал өзбек сатып алушыларына қазақстандық өнімді сатып алуға қаржыландыру алуға мүмкіндік береді.

2018 жылы қазақстандық экспорттаушы "Жаркент крахмал-сірне зауыты" ЖШС "Asia Alliance Bank" АКБ қолдауымен Өзбекстанға жүгері крахмалын және сірне экспортын жолға қойды. Ағымдағы жылдың басынан полимерлі өнімді жеткізуге "Полимер Продакшн" ЖШС пайдасына "Кишлоккурилишбанк" АКБ шығарған аккредитив сақтандырылды.

2018 жылдың 24 қазанында Ресей Федерациясында (қазан) "KazakhExport" ЭСК" АҚ шетелдік өкілінің бірінші кеңсесі ресми түрде ашылды. 2019 жылдың соңына дейін тағы 7 шетелдік өкіл кеңсесі Ресей Федерациясында (Мәскеу, Новосибирск, Екатеринбург), Қытай Халық Республикасында (Сиань және Үрімші), Тәжікстанда, Қырғызстанда, Белоруссияда ашылады деп жоспарланған.

Анықтамалық:

"KazakhExport "экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ миссиясы ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрылымына кіреді) экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.