Баспасөз-релизі

KazakhExport 2018 жылдың нәтижесі бойынша жалғыз акционерге дивидендтер төледі

«KazakhExport» ЭСК» АҚ, Нұр-Сұлтан, 25 маусым. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ – «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Жалғыз акционерінің есеп айырысу шотына ақшалай түрде дивидендтер төлеуді жүзеге асырды. Холдинг Басқармасының бұрын қабылданған шешіміне сәйкес төлем сомасы 475 665 899,2 теңгені құрады.

Оның алдында хабарланғандай, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы еншілес ұйымның 2018 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібін бекітті.

Осы шешіммен бекітілген KazakhExport жылдық қаржылық есептілігіне сәйкес, компанияның таза кірісі 1,5 млрд. теңгеден асты.

Осы сомадан 475 млн. теңгені «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-на дивидендтер ретінде төлеуге шешім қабылданды.

 

            Анықтама:

            «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.