Жаңалықтар

«KazakhExport» ЭСК» АҚ қашықтан жұмыс істеу режиміне көшеді

Ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап азаматтардың денсаулығын сақтау және Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес мақсатында «KazakhExport» ЭСК» АҚ басшылығы барлық бизнес-процестерді сақтай отырып, Қоғамның жұмысын барынша қашықтан істеу режиміне ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Орталық аппарат қызметкерлері, Алматы қаласындағы өкілдіктер және Қоғамның шетелдік өкілдері қашықтықтан жұмыс істейді. Кезекшілік кестесі анықталды, жұмыс орындарында санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді. Қоғамның барлық қызметкерлері ТЖ кезіндегі тәртіп ережелері мен нұсқауларымен танысты, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді.

Барлығымыз үшін  осы қиын уақытта біз отандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыра отырып, отандық экспорттаушыларға қолдау көрсетуді жалғастыратын боламыз.

Жедел байланысу үшін ақпарат:

- өңірлік  менеджерлермен https://keg.kz/rubric/kontakti/kontakti_regionalnih_menedgerov_obshchestva

- шетелдік өкілдермен

 https://keg.kz/rubric/kontakti/zarubegnie_predstaviteley

- БАҚ мәселелері бойынша (баспасөз қызметі)

+7-701-705-71-51

+7-777-149-91-57