Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ НҰСҚАСЫНДА "KAZAKHEXPORT" ЭСК" АҚ КОМПАНИЯСЫ ТӨЛЕНГЕН ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ БОЙЫНША ЕКІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өз сайтындағы кезекті есепте 2018 жылдың қорытындысы бойынша жасалған қазақстандық сақтандыру компанияларының рейтингін ұсынды. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандырушылардың сыйлықақы, төлемдер, активтер, резервтер, меншікті капитал, жарғылық капитал және бөлінбеген табыс секілді критерийлер бойынша негізгі көрсеткіштері үздік 3 сақтандырушы арасында анықталды.

Өткен жыл қорытындысына сәйкес «жалпы сақтандыру» бойынша 23 сақтандырушы сақтандырудың барлық түрлері бойынша жинаған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасы 258,1 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға аз.

Жарияланған рейтингке сәйкес 2018 жылы «жалпы сақтандыру» саласы бойынша 23 сақтандырушының жарғылық капиталы 210,8 млрд теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда небәрі 3%-ға ұлғайды.

Ең үздік көрсеткіш - «Еуразия»-да. Компанияның төленген жарғылық капиталы 2019 жылғы 1 қаңтарда 99 млрд теңге болды, бұл ретте нарықтың үлесі 47%-ға жетті, екінші орынға KazakhExport жайғасты – 37,1 млрд теңге (17,6%), үшінші орында – «Халық – Казахинстрах» – 24,8 млрд теңге (11,7%). Біздің күш-жігеріміздің сақтандыру саласындағы кәсіпқой 23 компанияның арасында бағаланғанына және атап өтілгеніне қуаныштымыз.

Еске сала кетсек, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы. KazakhExport экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарға қаржылай-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастырумен айналысады.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ 2023 жылға пайымы –Орталық Азия аймағында және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын іске асырудағы Қазақстан Республикасының негізгі даму институты атану.

«KazakhExport»-тың шағын және орта бизнесті қолдайтын 13 құралы бар, олардың арасында: кредиттерді сақтандыру, банктік төлем кепілдіктерін сақтандыру, экспорт алдындағы қаржыландыру және басқа.