Баспасөз-релизі

Moody's KazakhExport бойынша болжамды тұрақты күйден позитивті деңгейге дейін жоғарылатты

«KazakhExport» ЭСК» АҚ, Нұр-Сұлтан, 16 қазан. Moody's Investors Service («Moody's») халықаралық рейтингтік агенттігі «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-тың қаржылық тұрақтылық рейтингісін «тұрақты» күйден «позитивті» деңгейге дейін жақсартып, «Ваа3» деңгейінде растады. Бұдан басқа, Moody's «қайта сақтандыру» және «мемлекетпен байланысты эмитенттер» қолданылатын рейтингтік әдістемесінің «сауда кредитін сақтандыру» әдістемесіне өзгертілгені туралы хабарлайды.

Болжамның «позитивті» түріне өзгеруі Moody's тарапынан бірқатар факторларды бағалауға, атап айтқанда, Қазақстанның егемен рейтингісін «позитивті» деңгейге дейін жақсартуға негізделген, бұл экономиканың тұрақтылығын, мемлекеттік теңгерімділікті, экономикалық өсудің және негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда маңызды рөл атқаратын «KazakhExport» бас компаниясы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың одан әрі қарқынды өсуін білдіреді.

Сонымен бірге Moody's сарапшылары Қазақстандағы экспорттық сақтандыру бизнесін дамытуға және экономиканың өңдеуші секторындағы экспорттаушыларды қолдаудың белсенді өсуіне бағытталған KazakhExport капиталдандырудың тұрақты жоғары деңгейін атап өтті.

Дереккөз: https://www.moodys.com/research/Moodys-affirms-KazakhExports-rating-changes-outlook-to-positive-from-stable--PR_1000001498

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.