Жаңалықтар

KazakhExport және корей сауда сақтандыру корпорациясы (K-Sure) шартқа қол қойды

"ЭСК "KazakhExport" АҚ, Нұр-Cұлтан, 22 cәуір. KazakhExport пен Korea Trade Insurance Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа екі ел президенттерінің қатысуымен Қазақстан-Rорей бизнес-форумы аясында "KazakhExport "АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков пен K-Sure президенті Ли Ин Хо қол қойды.

Шарт экспорттық шарттар мен кредиттерді сақтандыру бойынша тиімді ынтымақтастықты дамытуға, экспорттаушылар мен қаржы мекемелеріне сақтандыру қолдау көрсету жолымен бірлескен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Бұдан басқа, KazakhExport және K-Sure Қазақстан мен Кореяның бірлескен кәсіпорындарының тауарлары мен қызметтерін үшінші елдерге жеткізу жөніндегі жобаларды сақтандыруда ынтымақтасатын болады. 

Шартқа қол қою Тұңғыш Президент-Елбасы Н. Назарбаевтың сапары аясында 2016 жылы жасалған өзара түсіністік туралы меморандумының қисынды қорытындысындай болды.

Бүгінгі күні KazakhExport-пен қабылданған міндеттемелер көлемі 16,5 млрд.теңге болатын "Рахат" АҚ-ның 8 экспорттық келісімшарты сақтандырылды. "Рахат" АҚ негізгі акционері-Lotte Confectionery корейлік компаниясы.

KazakhExport-пен  "Hyundai Trans Auto" ЖШС кәсіпорны шығарған жүк автомобильдерін Ресей Федерациясына жеткізуге келісімшарт сақтандырылған.  Қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің сомасы-223,5 млн.теңге. "Hyundai Trans Auto" ЖШС Тәжікстан Республикасына 300 автобус жеткізуге келісімшарты KazakhExport ұсынған экспортқа дейінгі 1,169 млрд.теңге сомаға қаржыландыру және 576 млн. теңге міндеттемелер көлемімен келісімшартты сақтандыру арқасында мүмкін болды.