Баспасөз-релизі

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Франциядағы форумда өз жетістіктерін таныстырды.

2018 жылғы 12-16 қарашада Париж қаласында (Франция) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының форумы шеңберінде экспорттық кредиттер мен кепілдіктер бойынша Жұмыс тобының отырысы өтуде. Бұл іс-шараға «KazakhExport» ЭСК» АҚ басшылығы халықаралық байланыстарды қолдау және нығайту мақсатында қатысуда. Форум бизнес қауымдастықтар мен өңір биліктері арасында сауда, өнеркәсіп саласындағы тікелей диалогты орнату алаңы ретінде қызмет етеді, Қазақстанда шығарылатын тауарлар мен қызметтерді сыртқы нарықтарға шығару үшін жақсы шарттарды іздеуге септігін тигізеді. Іс-шараға ЭЫДҰ-на 36 мүше-мемлекеттер қатысады.

Форум шеңберінде «KazakhExport» ЭСК» АҚ екі жыл ішіндегі компанияның соңғы жетістіктерін, атап айтқанда 2018 – 2020 жылдардағы жеткізуге капиталдандыруды, 2019 жылға дейін мемлекеттік кепілдіктер беруді, «KazakhExport» ЭСК» АҚ стратегиясының шеңберінде 2019 жылдың соңына дейін әлемнің 11 елінде шетелдік өкілдік-кеңселер желісін дамытуды, сондай-ақ тұтастай Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін таныстырды.

Бұған қоса, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарын іске асыру бөлігінде компанияның жетістерін форумға қатысушы елдер атап өтті, ЭЫДҰ комитетінің мүшелері тек жақсы пікірлерін айтты. Сонымен қатар «KazakhExport»-тың бұл форумға соңғы 2 жылда белсенді қатысуын ЭЫДҰ сауда және ауыл шарушылығы бойынша экспорттық кредиттеу бөлімшесінің басшысы Дэвид Дрисдэйл айрықша атап өтті, сондай-ақ ұйымның саясатын қабылдау жөніндегі ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Форумға қатысу «KazakhExport» ЭСК» АҚ-на халықаралық деңгейде байланыстарды белсенді түрде орнатуға және дамытуға, жетекші экспорттық кредиттік агенттіктердің тәжірибесін алуға мүмкіндік береді, бұл қайта сақтандыру мәмілелері бойынша әріптестер іздеуді немесе өзге халықаралық келісімшарттар жасауды жеңілдетеді.

 

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы. KazakhExport экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортының өсуіне қолдау көрсетумен және қазақстандық кәсіпорындарға қаржы-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастырумен айналысады.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы-  нарықтық экономикасы дамыған 30 демократиялы елдің үкіметтері ғаламдану жағдайында туындайтын әлеуметтік-экономикалық проблемаларды және басқару проблемаларын шешу үшін бірге жұмыс істейтін, сондай-ақ ол беретін мүмкіндіктерді зерттейтін бірлестік.

 

Байланысқа тапсырыс беру