Жаңалықтар

Бірегей өндіріс: қазақстандық сірнеге ұқсайтын өнім бүкіл Орта Азияда жоқ.

Жаркент крахмал-сірне зауыты - Алматы облысының Панфилов ауданындағы жүгері алаңдарының нағыз «жүрегінде» орналасқан, 340-тан астам адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырған, сірне өндірумен айналысатын Қазақстандағы жалғыз зауыт.

2017 жылдың қаңтарында өнімнің жаңа түрі глюкоза-фруктоза балшырыны шығарыла бастады, оған ұқсайтын өнім бүкіл Орта Азияда жоқ. Бұл үшін кәсіпорын крахмал сірнесін (глюкоза балшырынын) алуға мүмкіндік беретін «ИГ-42» жабдығын сатып алды, оның тұтқырлығы мен түстілігі тек қышқылдық тәсілмен алынған крахмал сірнесімен салыстырғанда төмен болып табылады. Нақты осы әдіс құрамында жасанды немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ тамақ қоспалары болмайтын шикізат өндіруге мүмкіндік береді. Бұл өнім карамель, ирис және басқа кристалды емес қоспаларды өндіру кезінде пайдаланылады. Глюкоза балшырынын өндіру кезінде генетикалық түрлендірілген шикізаттың пайдаланылмайтынын және кәсіпорын жүгеріні қалдықсыз қайта өңдеу циклын құрғанын атап өтеу керек. Қазіргі сәтте зауыттың қуаттылығы жылына 60 мың тонна астықты құрайды, ол кейіннен 300 мың тоннаға дейін ұлғайтылмақ.

2015 жылы Қазақстанда Ұлттық бизнес-рейтингті зерттеу нәтижелері бойынша зауыт «Сала көшбасшысы» болып танылды. 2017 жылы ЖКСЗ «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының облыстық кезеңінің «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында бірінші орынды иеленді, сондай-ақ Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын алды.

Бүгінгі күні крахмал-сірне өнімі тамақ, кондитерлік, жеңіл, тоқыма, қағаз полиграфиясы, темекі, сыра қайнату және шырын шығару өнеркәсібінде, сондай-ақ құрылыс материалдары өндірісінде жоғары сұранысқа иелік етіп отыр. Зауыт түрлендірілген крахмалдың 18 түрін, мальтоза және глюкоза балшырындарын, глютен, жүгері майын, ұрық, кебек, түйірленген құрама жем шығарады.

Зауыт өнімдерінің 40%-ы Ресейге, Қытайға, Қырғызстанға, Өзбекстанға және Тәжікстанға экспортталады. Бүгінгі күні зауыт «KazakhExport» ЭСК» АҚ қолдауымен Өзбекстанға жүгері крахмалы мен сірнесінің экспорты көлемін 2 есе ұлғайтты. Жыл соңына дейін «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС Өзбекстанға 5,4 мың тонна сірне және 3,6 мың тонна жүгері крахмалын экспорттауды жоспарлап отыр.

Ұлттық компания өзбекстандық сатып алушыға қазақстандық зауыт өнімдерін сатып алу үшін сауданы қаржыландыру жолымен қолдау көрсетеді. Мұндай қаржыландырусыз жеткізу көлемі әлдеқайда аз болар еді. Өйткені сатып алушының тауардың бүкіл көлемін талап бойынша алдын ала төлеу шарттарымен сатып алуға қажетті үлкен қаражат айналымы жоқ.

Бұл ретте, әдетте, әрбір өндіруші екі себеп бойынша алдын ала төлемсіз үлкен сомаға өнім жеткізе алмайды. Біріншіден, тауар үшін төлемді уақтылы алмау тәуекелі бар. Екіншіден, төлемді кейінге қалдыру жолымен тауар неғұрлым көп тиеп-жөнелтілсе, бос айналым қаражаттары соншалықты аз қалады. Бұл капиталдың айналымдылығын баяулатады, басқа жеткізулердің болмай қалу тәуекелін тудырады, пайданы төмендетеді және т.б.

Бұл мәмілені қаржыландыруды ұйымдастыру үшін «KazakhExport» ЭСК» АҚ өзбек банктерінің бірімен әріптестік қатынас орнатты, оның қаржылық жағдайын зерттеді және бұл банке банкаралық қарыздан жалтару тәуекеліне лимиттің белгіленген мөлшерін белгіледі. Қазіргі уақытта Өзбекстанның банк секторында оң динамиканың байқалатындығын және көптеген өзбек банктерінің осындай мәмілелерге қатысуға дайын екенін айта кету қажет.

Байланысқа тапсырыс беру