Жаңалықтар

Астанада екінші халықаралық «KazOil 2018» конференциясы өтеді

Астанада екінші халықаралық «KazOil 2018» конференциясы өтеді.

28 -29 қарашада “RadissonHotelAstana”-да «Информ АӨК» АА және и Агро Индустрия KZ қолдауымен Қазақстанның екінші халықаралық «KazOil 2018» май-тоң май конференциясы өтеді. Шараға Болгариядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Италиядан, Үндістаннан және тағы басқа жақтардан келген делегаттар қатысады.

Шешуші оқиға майлы дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерін экспорттаушылар мен импорттаушыларды, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді, агрохолдингтер, қауымдастықтар, өңдеуші кәсіпорындар логистикалық компаниялар, талдау агенттіктері, банктер, дамыту институттары және т.б. өкілдерін бір жерге жинайды.

Шарада әлемдік май нарығының ағымдағы жағдайы және даму үрдістері жайлы, өсімдік майының заманауи нарығының ерекшеліктері туралы, экономикалық және геосаяси факторлардың ықпалындағы Қытайдың май нарығының трендтері туралы, Қазақстанның май нарығының дамыту драйверлері мен тежеуші факторлары туралы талқыланатын өзекті тақырыптар, сондай-ақ аталған өнімнің Ресейдегі нарығы туралы баяндама және т.б. ұсынылады.

Сондай-ақ, «KazOil 2018» қатар, 29 қарашада «QazaqOrganicFood: жаңа мүмкіндіктер, жаңа нарықтар» Халықаралық конференциясы өтеді. Онда Органикалық өнімдердің шетелдік және қазақстандық өндірушілері мен импорттаушылары еуропа нарығына шығу мүмкіндіктері мен болашағын талқылайды.

Екінші май-тоң май конференциясының аясында “KazakhExport ЭСҚ ” АҚ сақтандыру департаментінің директоры МукажановКуаныш “KazakhExport ЭСҚ” АҚ мемлекеттік қолдау шаралары: Май-тоң май саласының өндірушілерін қолдаудың табысты кейстері» тақырыбына презентация өткізіп, сөз сөйлейді.

Байланысқа тапсырыс беру