Жаңалықтар

Америкалық тауарлар импорты бойынша Қытай санкциялары жағдайында қазақстандық өнімдердің экспортын ұлғайту мүмкіндіктері.

2018 жылдың қыркүйек айының соңында Қытай америкалық тауарлар импортына санкциялар енгізді. Тізімге 800-ден астам тауар атаулары кірді, олардың көпшілігі шикізат өнімдері, мысалы мұнай, көмір, антрациттер, сондай-ақ мұнай химиясының өнімдері (пропан, сұйық парафин, бензол және басқа),  ауыр мұнай өнімдері (дизель, авиация бензині, керосин, пропан) болып табылады, 2017 жылы бұлардың АҚШ-тан Қытайға экспорт көлемі 10  млрд доллардан асты.

2017 жылы АҚШ-тан Қытайға автомобиль жасау, кеме жасау, өзге машина жасау өнімдері экспортының көлемі 29 млрд доллар болды, алайда бұл секторларда қазақстандық өнімдердің бәсекеде айқын артықшылықтары жоқ.

2017 жылы АҚШ-тан Қытайға болат және болаттан жасалған бұйымдар 1,7 млрд. доллар сомаға; тамақ өнімдері, оның ішінде көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, мұздатылған балық – 500 миллион АҚШ долларынан астам сомаға экспортталды. Қазақстандық кәсіпорындар үшін экспорттың бұл секторларында жеткізілетін өнімдер көлемін ұлғайту мүмкіндігі ашылады.

Санкция тізімдеріне малдан алынатын тамақ өнімдері, сиыр, шошқа, жылқы және тауық еттері де кірді. Сонымен бірге Қытай нарығы ет өнімдерін әкелуге бірқатар шектеулер қойып отыр. Қазақстан Үкіметі бұл шектеулерді алып тастау жөніндегі жүйелі жұмыс жүргізуде, бірқатар кәсіпорындар өз өнімдерін Қытайға жеткізуге рұқсат алды.

Жалпы алғанда, мемлекет экспорт проблемаларын шешу үшін қадамдар жасауда, олардың бірі әртүрлі іс-шараларға қатысу болып табылады. Экспорттаушыларды сервистік қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның Сыртқы сауда Палатасы ҚХР аумағында өтетін көрмелерге ондаған қазақстандық кәсіпорындардың қатысуын бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырды.

19 - 22 қазанда Сиянь қаласында (ҚХР) көрме болып өтті, оның мақсаты Қазақстан Республикасының экспорттық өнімдерін әлеуетті қытай сатып алушыларымен байланыстарды орнату болып табылады. Бұдан кейін Шанхай қаласында (ҚХР) Импортталған өнімдердің алғашқы халықаралық көрмесі болып өтті, мұнда «KazakhExport» ЭСК» АҚ өкілі және Қазақстанның Сыртқы сауда Палатасының қызметкерлері елдің экспорттық әлеуетін таныстырды және тікелей көрме өткізу кезінде отандық кәсіпкерлерге кеңес берумен қолдау көрсетті.

Қазіргі кезде «KazakhExport» ЭСК» АҚ ҚР СІМ-нің қолдауымен Үрімші қаласында ашылған шетелдік өкіл кеңсесін заңдық тіркеумен байланысты жұмыс жүргізуде, оның негізгі функциясы қазақстандық кәсіпорындар үшін әлеуетті әріптестер іздеу, қазақстандық шикізаттық емес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ҚХР нарығына экспорттау жөніндегі келісімшарттарды сәтті іске асыру үшін қаржы құралдарын беру болып табылады. Экспортты қолдау туралы, соның ішінде Қытайға экспорт бойынша неғұрлым толық ақпаратты және кеңесті жедел желі телефоны бойынша, сондай-ақ компанияның keg.kz ресми сайтында және Facebook-тегі «KazakhExport» бетінен алуға болады.

Байланысқа тапсырыс беру