Баспасөз-релизі

Экспорт шекарасы кеңейді: қазақстандық өндіруші ресей нарығын бағындырады

 «Айсберг ПВ» ЖШС 2003 жылы құрылды, мұздатылған түшпара, вареник, мәнті, құймақ, котлет шығарумен айналысады, олар Павлодар, Екібастұз, Астана, Семей, Өскемен қалаларында, ал 2016 жылғы желтоқсаннан бері Ресей нарығында, Новосибирск және Томск қалаларында сатылуда. Қазіргі уақытта компания өнімдер мен жартылай фабрикаттардың 80-нен астам атауын, айына 90 тоннаға дейін өнім өндіреді. Жүктелім толық болған кезде өндіріс көлемі айына 350-400 тонна болуы мүмкін.

Ресейлік сатып алушымен жасалған жеткізу шартының шеңберінде қазақстандық өндіруші төлемді кейінге қалдыру уағдаластығымен өз өнімдерінің бірінші жеткізілімін Мәскеуге апарды. «KazakhExport» ресейлік әріптес тарапынан болуы мүмкін төлемнен жалтару тәуекелін өз мойнына алды. Бұл «Айсберг ПВ» ЖШС-не экспорт және шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға, географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Айсберг ПВ» ЖШС-мен келісімшарт жасасқан ресейлік компания  Қазақстанда шығарылған тамақ өнімдерін сатуға маманданған. Сауда желісінің сөрелерінде Қазақстан Республикасының 35 өндірушісі шығарған өнімдердің 1800-ге жуық атаулары бар.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ экспорттық келісімшарт бойынша ресейлік сатып алушының төлемін кейінге қалдыруды сақтандыру мақсатында қазақстандық азық-түлік өндіруші «Айсберг ПВ» ЖШС-мен экспорттық кредиттерді сақтандыру шартын жасады. Мәміленің арқасында қазақстандық экспорттаушы импорттаушының төлемеу тәуекелінен қорғаныс алады.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің өсімін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржы-сақтандырумен және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

 

Байланысқа тапсырыс беру