Жаңалықтар

KazakhExport жүргізіп отырған оқытуға банктердің қызығушылығы артып отыр

KazakhExport "Даму" КДҚ" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Атамекен" ҚР ҰКП, екінші деңгейлі банктердің қызметкерлерін экспорттаушыларды қолдау өнімдері бойынша тегін оқытулар жүргізеді. Оқыту Қазақстанның барлық аймақтарында арнайы бизнес-тренермен жүргізіледі.

Екінші деңгейлі банктер тарапынан қызығушылық айтарлықтай өсті.

Атырау қаласындағы семинарға  Нұр-Сұлтан қаласындағыдай 10 банктің өкілдері қатысты. Салыстыру үшін, өткен жылы осындай семинарларға 4-5 аспайтын банктердің өкілдері қатысты.

Бұл банк клиенттерінің экспорттық қолдауға және ЕДБ-ге орналастыру арқылы KazakhExport-тан жеңілдікті қаржыландыру ұсынысына деген сұранысының артқанын көрсетеді.

Семинарға қатысқан банк қызметкерлері мұндай оқытуды өткізудің жоғары пайдалылығын атап өтті.

"Өте пайдалы шара.  Біздің ықтимал клиенттерімізге де, қазіргі бар клиенттерімізге де пайдалы болатын өнімдер туралы ақпараттар ала алатындай осындай оқулар банк саласының қызметкерлеріне көбірек өткізілсе. Егер мұны клиентке сауатты түрде жеткізетін болса, оған бұл пайдалы болады, бизнесін кеңейтуге көмектеседі",-деп Ақтау қ.  RBK  банк филиалының заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Артем Айдунов өз әсерімен бөлісті. Оның пікірінше, банк клиенттеріне  Маңғыстау облысында жұмыс істейтін көптеген шетелдік компаниялардың арасында кең тараған құрал ретінде  аккредитивтерді сақтандыру барынша  қызықты болады.

Оқыту бағдарламасы 5 негізгі блоктан тұрады:

  1. Шетелдік нарыққа шығу кезінде төлемсіздіктің ықтимал тәуекелдерін жабу.
  2. Экспорттаушыны қаржыландыру. Сақтандыру қосымша кепілмен қамтамасыз ету ретінде.
  3. Импорттаушыны ҚР ЕДБ аккредитивтік мәмілелері арқылы қаржыландыру.
  4. Экспорттаушылардың халықаралық тендерлерге қатысуы.
  5. Валюталық тәуекелдерді хеджирлеу.

Сәуір айының соңына дейін Ақтау, Орал және Ақтөбе қалаларында семинарлар өткізу жоспарланған.