Жаңалықтар

«KAZAKHEXPORT» ЭСК» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІС

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KazakhExport» ЭСК» АҚ, Қоғам) «KazakhExpor» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгеріс туралы хабарлайды.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 13 қарашадағы шешімімен (№9 хаттама) «KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін өкілеттілік мерзімімен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов сайланды.

Қоғамның жалғыз акционері («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының 2019 жылғы 6 қарашадағы № 53/19 хаттамасы) келесі шешімді қабылдады:

1. «KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы 9 (тоғыз) адам көлемінде белгіленсін.

2. Азамат Асқарұлы «KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін өкілеттілік мерзімімен «KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлансын.