Баспасөз-релизі

Қазақстандық азық-түлік өнімдері мен сусындар Қытайдың 12 миллион халқы бар ірі қалаларының бірі – Уханьның гипермаркеті сөрелерінде пайда болды

Қытайда қазақстандық бөлімдер желісін ашу жөніндегі жобаларды нақтылау «KazakhExport» және «Wuhan Asia Europe Logistics Co., Ltd.» арасында жасалған, ағымдағы жылдың қараша айында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың және Ухань қаласының вице-мэрі Сюй Хунланьнің қатысуымен қол қойылған меморандумның арқасында мүмкін болды.
Бастаманы «Wuhan Zhongshang Supermarket Chain Co., Ltd.» бөлшек сауда компаниясы қолдады. Дәл осы компанияның гипермаркетінде бүгін қазақ ұлттық стилінде безендірілген бірінші тақырыптық бөлім ашылды. Рәсімге «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Ысқақов, «Wuhan Zhongshang Supermarket Chain Co., Ltd.» Басқарма Төрағасы Чжан Ваньсинь және  «Wuhan Asia-Europe Logistics Co., Ltd.» Басқарма Төрағасы Ван Лицзюнь қатысты .
Бөлімде қазақстандық өндірушілер – «Raimbek Bottlers», «Kaz Ir Agro», «Молпродукт», «Алматы өнімі»«, «Сұлтан Маркетинг», «Arba Wine», «RG Brands», «Eurasian Foods Corporation», «Май», «Рахат», «Пасека», «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» және «Цесна Астық» өнімдері ұсынылған.
Биылғы жылы «Wuhan Asia Europe Logistics Co., Ltd.» ортаазиялық бағытты дамытуға басымдық беріп, Алматыда өкілдігін ашты. KazakhExport қолдауымен, қытай компаниясы өкілдері мен 30-дан астам қазақстандық өндірушілердің кездесуі ұйымдастырылды. «Wuhan Asia Europe Logistics Co., Ltd.» қазірдің өзінде Хубей провинциясына Қазақстан өндірген күнбағыс майының экспорттық жеткізілуін жолға қойды. Ынтымақтастықты орнатуға мүдделі отандық өнім берушілердің саны артып келеді.
«Wuhan Asia Europe Logistics Co., Ltd.» және «Wuhan Zhongshang Supermarket Chain Co., Ltd» – мемлекеттік компаниялар, «Бір белдеу – бір жол» саясатының қатысушылары болып табылады. Олардың иеліктері  – заманауи әмбебап дүкендер, сауда орталықтары, Хубэй провинциясының ондаған қалаларындағы жалпы ауданы 550 мың шаршы метр құрайтын супермаркеттер. Бұдан басқа, компания Қытайға импорт бағытында жеке көлік логистикасы мен кең дистрибьютерлік желіге ие.
«KazakhExport» қазақстандық экспорттаушыларға Қытайда коммерциялық байланыстарды дамытуға, дайын қазақстандық өнімнің шикізаттық емес экспортының көлемін арттыруға және қажетті қаржы құралдарын ұсынуға көмектесетін болады», - деп түсіндірді KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма Төрағасы Руслан Ысқақов. 

 Анықтамалық: «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) миссиясы басым экономика секторларына шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылай емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.