Жаңалықтар

Қазақстандық экспорттаушыларға Қытай нарығына шығуға көмек болады

Бүгін «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков пен Сиань қаласындағы Халықаралық порт аймағын басқару жөніндегі Төрағасының орынбасары Су Го Фэн Сиань қаласында Қытай Халық Республикасына экспорттық әлеуетті дамыту перспективаларын талқылады.

Қытайда экспорттаушыларды қолдау

Бұған, KazakhExport-тың,  міндеті қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлер арасында берік іскерлік байланыстар орнату болып табылатын, Қытайдағы шетелдік өкілдік кеңсесінің ашылуы себеп болды.

 «KazakhExport өкілдігі экспорттаушыларға қытай нарығында бейімделуге көмектесетін болады - қазақстандық өнімді импорттауға мүдделілерді іздеу және импортты қаржыландыруды ұйымдастыру кезінде қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, KazakhExport шетелдік өкілдігінің күш - жігерімен экспорттаушыларға, көбіне олар өз бетінше жүгінгенде жабық болатын кабинеттердің есіктері ашылады», - деп атап өтті «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Ысқақов.

«Бір белдеу, бір жол» стратегиясы  

2019 жылдың мамыр айында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қытай Компартиясы ОК Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен келіссөздер жүргізді, оның барысында тараптар қазақстандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру, екі елдің көліктік-логистикалық құзыреттілігін, транзиттік дәліздерді, энергетиканы, өнеркәсіпті, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша өзара іс-қимылын күшейту қажеттігін атап өтті.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында $11,7 млрд., экспорт - $6,3 млрд. құрады.

Сауда қатынастарын дамыту

Қытай Халық Республикасына қазақстандық экспорттық әлеуетті нығайту мәселелері «KazakhExport» ЭСК» АҚ Сиань қаласының Ауыл шаруашылығы өнімдерін жабдықтау кооперациясымен ынтымақтастық туралы Меморандумның негізіне алынды.

Құжатта сауда қатынастарын дамытудың, Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің экспортын ынталандырудың, сондай-ақ екі жақты тауар айналымын ұлғайтудың негізгі мәселелері көрсетілген.

KazakhExport шетелдік өкілдіктері

Бүгінгі күні KazakhExport шетелдік өкілдіктері Қазан қаласында (кеңсе тек Татарстанда ғана емес, жалпы Поволжье аймағында да жұмыс істейді), Душанбе (Тәжікстан) және Ташкентте (Өзбекстан) ашылды. KazakhExport даму стратегиясына сәйкес 2019 жылдың соңына дейін Ресейдің шекаралас өңірлерінде, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде өкілдіктер желісін ашу жоспарланып отыр.

 

Анықтамалық: «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.