Баспасөз-релизі

«KazakhExport», «Даму» қоры және Ақтөбе облысының әкімдігі өңірдегі экспорттаушыларды қолдау бойынша бірлескен жұмысты бастайды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаковпен және «Даму» КДҚ Басқарма төрағасы Абай Сарқұловпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ақтөбе облысында бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері, экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау бойынша бірлескен жұмыс жоспарлары талқыланды.

Қазіргі уақытта облыс аумағында 50-ден астам экспортқа бағдарланған кәсіпорын жұмыс істейді. Ресми деректерге сәйкес, 2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңір жалпы сомасы 2,7 миллиард доллар көлемінде өнімді экспорттады.

«KazakhExport» АҚ тұрақты негізде облыстағы экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау бойынша іс-шараларды, оның ішінде «KazakhExport» ЭСК» АҚ қатысуымен экспорттаушылардың мемлекеттік қолдау шаралары жайында хабардарлығын арттыру бойынша семинарлар, тренингтер және дөңгелек үстелдер өткізеді. Біз бұл жұмысты әрі қарай жалғастыруға дайынбыз», - деп атап өтті облыс әкімімен әңгімесінде Руслан Искаков.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы шекара маңындағы сауданы дамытуға және Ақтөбе облысының кәсіпкерлеріне тиімді экспорттық келісімшарттарды жасауға KazakhExport компаниясының Өзбекстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы (Казань қаласы) өкіл кеңселері өз тарапынан көмектесетінін атап өтті.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ-тың сақтандыру қолдауымен Ақтөбе облысында бірқатар жобалар жүзеге асырылды, оның ішінде «Актеп» ЖШС-ның ет өңдеу комбинаты - Ресей Федерациясына ет өнімдерін экспорттау; «Актюбрентген» ЖШС - Өзбекстан Республикасына рентгенаппараттарын экспорттау; «Ақтөбе мұнай жабдығы зауыты» ЖШС - Әзірбайжанға сорап штангалары мен муфталарын жеткізу; «GreenCapitalKazakhstan» ЖШС жылыжай кешені.

Сонымен қатар, кездесу барысында жергілікті атқарушы органдар тарапынан «Даму» КДҚ және ERG қаражаты есебінен Хромтау қаласында жобаларды қаржыландыру үшін нысаналы өңірлік бағдарламаны іске асыруға көмек көрсету туралы өтініш айтылды.

Кездесуді қорытындылай келе, облыс әкімі барлық бастамаларға қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті және экспортты дамыту - біздің басты міндетіміз» - деді Оңдасын Оразалин.