Жаңалықтар

KazakhExport Түркістан облысының экспорттаушыларын қолдау көлемін арттырады

"KazakhExport" ЭСК АҚ, Түркістан, 2 сәуір. "KazakhExport" ЭСК" АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков "Ұлттық экспорттық стратегия" мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысының экспортын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте облыс экспорттаушыларына қолдау көрсету көлемінің артқаны туралы хабарлады.

Өңірдің жетекші экспорттаушыларымен кездесуде Руслан Искаков KazakhExport қаржылық қолдау құралдарын таныстырды. "Біз, экспорт географиясын кеңейтіп, өз бизнесін қажетсіз тәуекелдерден қорғауды жоспарлап отырған шикізат емес тауарлар мен қызметтерді өндіру бойынша кез келген қазақстандық кәсіпорынды қолдауға дайынбыз", - деп түсіндірме жасады Руслан Искаков.

Сондай-ақ, шекара маңындағы сауданы дамытуға және Түркістан облысының кәсіпкерлеріне тиімді экспорттық келісімшарттар жасауға KazakhExport өкілінің Өзбекстан Республикасындағы кеңсесі көмектеседі (жұмысын 2019 жылдың наурыз айында бастаған).

Бүгінгі таңда "KazakhExport" Шымкент қаласы мен Түркістан облысының экспорттаушыларына АӨК, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібі мен машина жасау саласында сақтандыру қолдау көрсетуде. Экспорттық келісімшарттардың жалпы сомасы 43,7 млрд.теңгені құрайды.

Анықтамалық:

"KazakhExport"экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ миссиясы ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрылымына кіреді) экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.