Баспасөз-релизі

Қытайлық сатып алушы қандай қаптамаға назар аударады?

Қытайға өнім экспорттау кезінде қазақстандық бизнесмендер қандай мәселеге назар аударғаны жөн туралы «Снабженческая торговая компания» компаниясының Бас директоры Ли Пэн баяндады.

Қазақстандық өндірушілердің сауда-экономикалық миссиясы аясында KazakhExport Қытайдағы шетелдік өкілі Сергей Салмановтың ұйымдастыруымен өткен семинарда екі ел бизнесмендеріне Қазақстанның ұлттық экспорттық агенттігінің қаржы құралдары туралы айтылды.

Оның айтуынша, Қазақстандық өнімді ҚХР аумағында өткізу кезіндегі кең тараған проблема - қаптаманың сапасы болып табылады.

«Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын тауар тауарлық түрін жиі жоғалтады, соның салдарынан сөрелерде тартымды болып көрінбейді. Қытайда қазірде қаптама көлеміне белгілі бір ұнатушылық қалыптасты. Мысалға, 2 немесе 2.5 кг ұн ең жоғары сұранысқа ие, ал біздің өндірушілер көбінесе 5 кг қаптамадағы ұнды экспорттайды. Ең сатылымды сусындардың көлемі 250, 330 және 500 мл. болып келеді», - деп түйіндеді Ли Пэн.

Қазіргі уақытта KazakhExport өкілдігінің қолдауымен Қазақстаннан Қытайға мақта, бал, шырын, минералды су өнімдерін экспорттауда.

            Сонымен қатар, KazakhExport өкілдігінің ықпалдастығымен арнайы экономикалық аймақ аумағында құрғақ порт басшылығымен кездесу өтті, онда СЭМ қатысушылары Қазақстаннан Сианьға теміржол тасымалына жеңілдікті тарифтер ұсыну мәселелерін талқылады.

Қытай кәсіпкерлері – сауда желілерінің, супермаркеттердің, мейрамханалардың және интернет-дүкендердің иелеріне тамақ өнеркәсібінің жетекші экспорттаушыларының қазақстандық өнімдерінің сұрыптамасын ұсынды. Олардың ішінде: «Рахат» АҚ, «EurasianFoodsCorporation» холдингі, «Евразия Инвест LTD» ЖШС, «Pioner» ЖШС, «SunPlanetOrganic» ЖШС, «САПА Алматы» ЖШС, «Миллер &К» ЖШС, «Көрік ШҚ» ЖШС, «Султан-Маркетинг» ЖШС, «MarevenFood» ЖШС, «Мед KZ» ӘКК ӨК, «Rola-7» ЖШС, «Мутлу экспорт» ЖШС, «Imaktrade» ЖШС, «Концерн Цесна Астық» ЖШС, «BaiterekTrans-commerce» ЖШС.

            Қазақстандық өндірушілердің сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырушы Сиань қ. халықаралық саудаға ықпалдасу комитетінің және Сиань қ. халықаралық сауда палатасының қолдауымен Қазақстанның сыртқы сауда палатасы болып табылады.