Банкілік төлемдік кепілдіктерді сақтандыру

Тендерлік кепілдіктер, аванстық төлемді қайтару кепілдіктері және міндеттемелерін орындау кепілдіктері сияқты «Банкілік төлемдік кепілдіктерді сақтандыру» банкілердің экспорттаушыларға арнап өнімдер мен қызмет көрсетулерді жеткізу міндеттемелері бойынша кепілдіктерді шығару жөніндегі шешім қабылдау процесін жылдамдатады. Бұл жағдайда кәсіпорынның қаражатына «тыйым салынбайды» және тіпті өзге өндірістік мақсаттарға арнап несиелік желінің босатылуы қамтамасыз етіледі.

Бұл қызметті пайдалана отырып, экспорттаушылар өз тапсырыс берушілеріне сыртқы экономикалық келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен орындайтынын растайды. Нәтижесінде шетелдік тапсырыс берушілер жүргізіп отырған тендерлер мен байқауларға қатысатып отандық экспорттаушы-кәсіпорындардың бәсекеге қабілеті арта түседі. Бұл қызмет көрсетуді KazakhExport отандық кәсіпорындарға қызмет көрсететін банкілер арқылы ұсынуда, бұл да өз кезегінде қызмет көрсетудің бағасының азаюына және жылдам шешім қабылдауға ықпал етуде.


Сақтандыру шарттары:

  1. Өтелу үлесі: кепілдік сомасының 95%-на дейін;
  2. Негізгі сақтандыру тарифы елдік тәуекелдің категориясы мен кепілдіктің күшін сақтау мерзіміне қарай өзгеріп отырады;
  3. Қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді экспортқа шығару;
  4. Күту мерзімі: 30 күнтізбелік күн;
  5. Сақтандыру төлемі банктің бірінші талап етуі бойынша жүзеге асырылады;
  6. «Банкілік төлемдік кепілдіктерді сақтандыру» рәсімінің сұлбасын кезең-кезең бойынша сипаттау»;
  7. Экспорттаушы мен Импорттаушы келісімшарт жасасады;
  8. Экспорттаушы Банкіге кепілдікті шығару туралы арыз береді;
  9. Банк KazakhExportқа кепілдікті сақтандыру туралы арыз береді;
  10. Банк, Экспорттаушы және KazakhExport үштараптық сақтандыру келісімшартын жасасады;
  11. Банк Экспорттаушы үшін Импорттаушының пайдасына арнап сақтандырумен қамтамасыз етілген кепілдікті шығарады.




Байланысқа тапсырыс беру