Экспорттаушының кредитін сақтандыру

«Экспорттаушының кредитін сақтандыру» сұлбасы бойынша «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам қазақстандық Экспорттаушыға Шетелдік қарсы агенттің (импорттаушының) экспортық келісімшарт бойынша өзінің қаржылық міндеттемелерін орындамауымен байланысты залал тәуекелінен қорғауды ұсынады, мұнда тауарлардың, жұмыстар мен қызметтерді төлемді кейінге шегеру шартымен сату ескерілген.


Сақтандыру тәртібі: 

  1. Экспорттаушы мен импорттаушы төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігімен экспорттық келісімшарт жасасады. 
  2. Экспорттаушы сақтандыру үшін «KazakhExport»-қа өтінім береді. 
  3. «KazakhExport» өтінімді қарайды және экспорттаушымен сақтандыру келісімшартын бекітеді. 
  4. Экспорттаушы тауарларды жеткізеді және сақтандыру сыйлықақысын төлейді. 
  5. Егер импорттаушы алған тауарына төлемесе, «KazakhExport» экспорттаушының шығынын өтейді. 


Іске асырылған жобалар: 

 

         

2009-2016 жыл

«Баян сұлу» кондитерлік фабрикасы 



Нәтиже:

«KazakhExport» қолдауы барысында фабрика өз өнімінің үштен бірін РФ, Германия, Әзірбайжанға экспорттайды. 40-тан астам ресейлік компания келісімшарт негізінде қостанайлық кәмпиттерді Калининградтан Владивостокқа дейінгі аралықта сатуда.






Байланысқа тапсырыс беру