Баспасөз-релизі

KazakhExport пен Аграрлық несие корпорациясы ет беретін мал шаруашылығы саласының экспорттаушыларына көмектерін ұсынды

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) мал бордақылайтын алаңдар бойынша өтінімдерді қарау және қаржыландыру жөніндегі сақтандыру қорғанысы бар бірлескен регламентке қол қойды. Енді АНК қарызгерлері қарыз сомасынан 90 пайызға дейін кепілмен қамсыздандыру ретінде KazakhExport-тың сақтандыру қорғанысын пайдалана алады.

Құжатқа Астанада «KazakhExport» ЭСК» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағалары Руслан Искаков пен Нармұхан Сарыбаев қол қойды.

KazakhExport пен АНК ынтымақтастығы мал шаруашылығындағы ет өнімдері саласының экспорттық әлеуетін ұлғайтуға септігін тигізетін болады.

«Ет экспортына қолдау көрсету – KazakhExport-тың басым бағыттарының бірі.  Ет тоннасын экспорттау бірнеше тонна азық өндірісіне, ауылшаруашылық техникасына сұраныстың өсуіне және өңірлерде жұмыс орындарының құрылуына алып келеді. Түптеп келгенде, бұл экономиканы әртараптандырылудың алғышарты болмақшы», - деді Руслан Искаков.

Бұған қоса, қаржыландыруға өтінімдерді қарау мерзімі біршама қысқарады, жобаларды сараптау кезеңдері және қарызгерлердің сенімділігін бағалау жеңілдетіледі, осының негізінде АНК қарыз беру туралы шешім шығаратын болады. Бұдан әрі АНК жобаны іске асыру үшін клиентке сақтандыру қорғанысын беру мәселесі бойынша шешім қабылдау үшін сақтандырушы KazakhExport-қа құжаттар ұсынады.

Іс жүзінде қарызгерге қарыз алу үшін қаржыландыруға өтінім беру ғана талап етіледі, оны сақтандыру мәселесін KazakhExport пен АНК өз бетінше шешетін болады.

Қазіргі уақытта АНК-ның қарауында жалпы мал басы 27,2 мың бірлік болатын әлеуетті қарызгерлердің 4 жобасы жатыр.

АНК Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың айтуынша, «осы бірлескен бастама аграршылардың біздің қаржылық өнімдерімізге қол жеткізуін жеңілдетеді, өйткені кепілдің жеткіліксіздігі мәселесі фермердің өз жобасын қаржыландыруға өтінім беруден бас тартуының маңызды факторы болып табылады».

Байланысқа тапсырыс беру