Баспасөз-релизі

KazakhExport «Қараой» МК» ЖШС-нің өндірістік кешенін кеңейтуіне қолдау көрсетті

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ «Қараой» мал шаруашылығы кешені» ЖШС-не Алматы облысы Қараой кентінде жұмыс істеп тұрған шошқа өсіру кешенін жаңғыртуға және кеңейтуге қолдау көрсетті. Шошқа етін өндіру көлемі айына 200 тоннаға дейін ұлғайтылатын болады.

Мал шаруашылығы кешенін техникалық жаңғырту өндірістік алаңдарды күрделі жөндеу мен кеңейтуді, өндірісті автоматтандыру үшін заманауи техника мен жабдықтарды сатып алуды көздейді. Бұған қоса, аналық мал басын және қысқа азық қорларының көлемін ұлғайту қолға алынды.

Өндірістік қуаттылықты жылына 40 мың мал басына дейін өсіру жоспарланып отыр. Өндімдерді өткізу географиясы – Алматы облысы және көршілес өңірлер. 2019 жылдан бастап мал шаруашылығы кешені өз өнімдерін Ресей Федерациясы, Қырғызстан мен Қытайға экспорттауды бастайды.

Қаржыны «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «KazakhExport» Ұлттық компаниясының сақтандыру өтелімімен - 2 207 млн. теңге сомаға берді.

Қарызды сақтандыру – банкті қарызгердің (экспорттаушының, импорттаушының) кредитті төлемеу тәуекелінен сақтандыру қорғанысы. KazakhExport-тың бұл құралы қаржы институтына экспорттаушының кепілдік қамсыздандыруы жетпейтін кезде оған қарыз беруге мүмкіндік береді. Қарызгер дефолтқа ұшыраған жағдайда KazakhExport кредитордың залалдарын өтейді.

Бұл схема бойынша KazakhExport 2017 жылдың басынан бері жалпы 33 млрд. теңгеден астам сомаға жобаларды қаржыландыруға көмектесті.

Байланысқа тапсырыс беру