Баспасөз-релизі

Қазан қаласында «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның шетелдегі бірінші өкілдігі ашылды

Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысын өткізу қарсаңында Қазан қаласында «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның шетелдегі алғашқы өкілдігі ресми түрде ашылды.

Өкілдіктің ашылуы «Татарстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы» Одағының Төрағасы А.С.Николаевтың, Қазан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Е.В. Тукумовтың және  Татарстан Республикасының бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды, мұнда біздің елдердің арасындағы тауар айналымын 700 млн. доллардан 1 млрд. долларға дейін ұлғайту қажеттілігі туралы айтылды. «Ресей Федерациясында шетелдегі алғашқы өкілдікті аша отырып, біз өзара сауданы ынталандыруға, жаңа нарықтарды игеруге дайын экспорттаушыларға сақтандыру арқылы қолдау көрсетуге ниеттіміз. Біздің компанияның мақсаты экономиканың тауар өңдеуші секторларының экспортын және қызметтер экспортын дамыту болып табылады. KazakhExport-тың қазақстандық экспорттаушыларға үстіміздегі жылдың 9 айының нәтижесі бойынша көрсеткен сақтандыру қолдауының көлемі 100 миллионнан астам АҚШ долларын құрады, - деп хабарлады ашылу салтанатында «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков.

Ол кәсіпкерлер және банктермен жергілікті жерлердегі серіктестік жедел қарым-қатынасты жолға қоюға, сондай-ақ қазақстандық өнімдерді өткізетін әлеуетті нарықтарды ішінен зерттеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өкілдіктің қызметі Татарстанға ғана таралмайды, сондай-ақ көршілес өңірлерді: Нижегород облысын, Башкортостанды, Оренбург облысын, Орскті, Самараны, Саратовты және басқаларын қамтитын болады.

Бүгінгі күні Ресей нарығына Қазақстаннан дәрі-дәрмектер, шай, тамақ өнімдері, медициналық техника, трансформаторлық және кабельдік жабдықтар, өнеркәсіп өндірісінің бұйымдары жеткізіледі. Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық машина жасаудың, ауыл шаруашылығының, мұнай химиясының және мұнай өңдеудің үлкен экспорттық әлеуеті бар.  

Анықтама

 «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы. KazakhExport экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортының өсуіне қолдау көрсетумен және қазақстандық кәсіпорындарға қаржы-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастырумен айналысады.

Байланысқа тапсырыс беру