Баспасөз-релизі

Тәжікстан Рогун ГЭС-нің құрылысына қазақстандық арматураны сатып алады

Душанбе қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Асқар Маминнің Тәжікстан Республикасына сапары шеңберінде «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ мен «Дусти 2017» ЖШҚ Тәжікстан Республикасына арматура жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойды.

Мәміле «Арселор Миттал Темиртау» АҚ шығарған арматураны Рогун ГЭС-нің құрылысы үшін жалпы құны 16 млн.АҚШ долларына 30 мың тонна көлемде жеткізуді көздейді. Бұл мәміле «KazakhExport» ЭСК» АҚ қаржы-сақтандыру құралдарын қолдана отырып іске асырылатын болады.

«KazakhExport» қазақстандық экспорттаушыға экспорттық сауданы қаржыландыру түріндегі мемлекеттік қолдау көрсетеді. Яғни «KazakhExport»-тың арзан қаржы түріндегі құралдарын пайдалану есебінен экспорттаушы төлемді уақтылы алады, импорттаушы – төлем мұрсатын алады», - деп түсіндірді «KazakhExport» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Руслан Искаков.

«KazakhExport» пен «Дусти 2017» ЖШҚ арасындағы стратегиялық серіктестіктің негізгі параметрі отандық экспорттық әлеуетті дамыту және Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайту болып табылады.

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсіміне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

 

Байланысқа тапсырыс беру