Баспасөз-релизі

ҚР СІМ, «Атамекен» ҰКП және KazakhExport экспортпен байланысты жұмысты үйлестіреді

2018 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде дипломатиялық миссиялардың басшылары, халықаралық ұйымдар және қазақстандық өкілдер үшін брифинг өткізілді. Іс-шараның спикерлері Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов, инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков болды.

 Өз сөзінде Руслан Искаков «KazakhExport» ЭСК» АҚ жұмысының нақты нәтижелері туралы, оның ішінде қол қойылған экспорттық келісімшарттар, даму стратегиясы және қаржы құралдарының мүмкіндіктері туралы хабарландырды.

 Брифинг шеңберінде Сыртқы істер министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Kazakh Export» ЭСК» АҚ арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға және Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Меморандум жасаудың мақсаты қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер экспортын таяу және алыс шетелдерге ілгерілету мәселелері бойынша тараптар арасындағы өзара әрекеттестікті, келісушілікті және әрекеттер үйлестігін күшейту болып табылады.

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахмановтың айтуынша, меморандум экспортты ілгерілетуде күшті біріктіру үшін маңызды аспект болмақшы. «Меморандум біздің бірлескен әрекеттер жоспарына енгізілген мәселелердің кең ауқымын қамтиды», - деп басып айтты министр.

 Қол жеткізілген уағдаластықтар ақпараттар алмасу мен нарықтарды талдаудан бастап экспортты дамыту, үздік халықаралық практиканы зерттеу, халықаралық іс-шараларға қатысу бойынша нақты әріптестермен жұмысқа дейінгі мәселелердің кең ауқымын қамтитын экспорт саласындағы кооперациялау, сондай-ақ қызметті үйлестіру жөніндегі практикалық шаралар болды.

 

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы. KazakhExport экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортының өсуіне қолдау көрсетумен және қазақстандық кәсіпорындарға қаржы-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастырумен айналысады.

    

Байланысқа тапсырыс беру