Баспасөз-релизі

“Халал” стандартымен шығатын қазақстандық ет өнімдерін өткізу нарығы кеңейтілді

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы қарызын сақтандыруды қаржыландыру жолымен қазақстандық ет өнімдерін өндіруші «АкТеп» ЖШС-не қолдау көрсетті.

Жобаны қаржыландыру «Агроэкспорт» кредиттеу бағдарламасы шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша жүргізілді. Өндіруші компания бордақылау алаңы үшін 18 000 бас ІҚМ сатып алуға 2 970 000 000 теңге сомаға қаржыландырылды, бұл Ресей Федерациясына экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  Қарызды сақтандыруды «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қамтамасыз етеді.

Осы қарызды сақтандыру мәмілесінің мәні  кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз және/немесе кредитор мәміле бойынша тәуекелді толық көлемінде өзіне қабылдауға дайын болмаған жағдайда, «KazakhExport»-тың сақтандыру өтелімінің берілуімен түсіндіріледі. Нәтижесінде қазақстандық экспорттаушы жетпейтін тұрған кепілдік қамтамасыз етуді (90%-ға дейін) қаржыландыру сомасынан алады, сондай-ақ өз өнімінің экспорты көлемін ұлғайту мүмкіндігіне ие болады.

«АкТеп» ЖШС өндіріс кәсіпорны ІҚМ бордақылау алаңын, етті қайта өңдеу комбинатын, экспорттық компанияны қамтиды. Бұл – заманауи технологиялары бар экологиялық таза ет өнімдерін өндіретін кәсіпорын. Компания: мал өсіруден, құрама жем шығарудан, бордақылаудан, етті қайта өңдеуден бастап нақты тұтынушының тапсырысы бойынша дайын өнімді тиеп-жөнелтуге дейінгі қайта өңдеудің бүкіл процесстерін өз бетінше жүзеге асырады. Кәсіпорында дайындалатын барлық өнімдер «Халал» стандарттарына сай келеді.

Естеріңізге сала кетсек, маусым айында «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ сақтандыру қорғанысымен бордақылау алаңдары бойынша өтінімдерді қарау және қаржыландыру жөніндегі бірлескен регламентке қол қойды.

KazakhExport пен Аграрлық несие корпорациясының ынтымақтастығы ет өндіретін мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін ұлғайтуға септігін тигізетін болады.

       «Ет экспортын қолдау KazakhExport-тың басым бағыттарының бірі. Ет тоннасын экспорттау бірнеше тонна азық өндіруге, ауылшаруашылық техникасына сұранысқа және өңірлерде жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді. Нәтижесінде экономиканы әртараптандыруға алып келеді», - дейді Руслан Искаков.

 

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің өсімін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржы-сақтандырумен және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

 «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ («ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) ауылда бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын қолжетімді кредиттеу жүйесін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Корпорация «ҚазАгро» холдингі компаниялар тобының құрамына кіреді және оның тікелей жетешілік етуімен Қазақстанның бүкіл облыстарындағы 16 филиал мен өкілдіктерінде өз қызметін іске асыруда ауқымды жұмыс жүргізеді.

 

Байланысқа тапсырыс беру