Жаңалықтар

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту және «ЭСК «KazakhExport» ЭСК» Директорлар кеңесінің сан құрамын анықтау туралы

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KazakhExport» ЭСК» АҚ, Қоғам) «KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгеріс туралы хабарлайды.

Қоғамның Жалғыз акционері («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының 2018 жылғы 28 ақпандағы №07/18 хаттамасы) мынадай шешім қабылдады:

1.      «KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы 7 (жеті) адам санында белгіленсін.

2.      Айнур Саиновна Куатова Жалғыз акционердің өкілі ретінде «KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тұтастай «KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттіктері мерзімінің аяқталуына дейінгі мерзімге сайлансын.

Байланысқа тапсырыс беру