Жаңалықтар

Қазақстандық өсімдік майы Өзбекстанға экспортталды

Қазақстандық өсімдік майын өндіруші «Шымкентмай» АҚ «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның бағдарламасы бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ-нен жалпы 100 млн. теңге сомаға экспорт алдындағы қаржыландырудың бірінші траншын алды.

Орталық Азияға экспортты іске асыру үшін қаржыландырудың мақұлданған лимитінің жалпы сомасы 730 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 702 млн. теңге – Өзбекстанға лимит. Жыл соңына дейін «Шымкентмай» АҚ Өзбекстанға барлығы 4 млн. АҚШ долларына жуық сомаға май экспорттауды жоспарлап отыр.

Өзбек жағының сөзіне қарағанда, қазақстандық өндірушіні таңдаған себебі кәсіпорын өнім сапасына жоғары талаптар қояды және, таяу және алыс шетелдің көптеген елдерінде үйреншікті болып саналатын жасанды ингридиенттерді мүлдем қолданбайды.

«Сбербанк» АҚ ЕБ-і «KazakhExport» ЭСК» АҚ-мен экспорт алдындағы қаржыландыру бағдарламасы бойынша 2016 жылдан бері ынтымақтастық жасайды. Бүгінгі күні май өндіруші – банктің «KazakhExport» ұлттық компаниясының бағдарламасы бойынша экспорт алдындағы қаржыландыруды алған төртінші клиенті.

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсіміне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

 

Байланысқа тапсырыс беру