Қолдау көрсетілген жобалар

«KazakhExport»: Тәжікстанның астаналық таксопаркі қазақстандық автомобильдерге ауысты

«Аллюр» КТ» АҚ «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес құрылымы) қолдауымен Тәжікстанға автомобильдердің кезекті топтамасын жөнелтті.

Елімізде жиналған 30 дана JAC S3 қалалық кроссоверлері «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның қолдауымен қол қойылған, «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ-мен келісімшарттың аясында Душанбе қаласының муниципалдық таксопаркін толықтыру үшін жіберіледі.

Мәмілені «KazakhExport» ЭСК» ұлттық компаниясы «Альфа – Банк» ЕБ АҚ-мен бірлесе отырып, 300 мың АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық сауданы қаржыландыру схемасы бойынша іске асырады.

Экспорттық сауданы қаржыландыру қазақстандық автошығарушыға автомобильдерді экспорттауға және тиеп-жөнелтуден кейін дереу төлемін алуға,  ал тәжікстандық сатып алушыға арзан және ұзақ мерзімді қаржыландыру түріндегі төлем мұрсатын алуға мүміндік береді.

Жалпы құны $10,5 млн. тұратын 1000 дана JAC автомобильдерін жеткізу жөніндегі келісімшартты «Аллюр» КТ» АҚ (құрамына «СарыарқаАвтоПром» және «АгромашХолдинг» өндірістік алаңдары кіреді) мен тәжік көлік холдингі 2017 жылдың көктемінде жасасты. Тәжік тарапының өкілдері ол кезде қостанайлық кроссоверлердің жоғары өтімділігін және қолжетімді бағасын атап өткен еді.

Өз кезегінде «Аллюр» КТ» АҚ-ы «Холдинг Азия Групп Таджикистан» компаниясымен мәміле Қазақстанның автомобиль саласының экспорттық әлеуетін елеулі ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бүгінгі күні Душанбенің таксомотор паркі «KazakhExport» ұлттық компаниясының қолдауымен 105 жаңа кроссоверлермен толықты.

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсіміне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылмай емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

«Аллюр» КТ» АҚ құрамына «СарыарқаАвтоПром» өндіріс алаңдары, AllurAuto дилерлік және дистрибьюторлық желісі кіреді. «Аллюр» КТ» АҚбұл қуаттылығы негізінде ұсақ торапты әдіс (CKD) бойынша жеңіл автомобильдерді шығару жүзеге асырылатын Қазақстандағы жалғыз компания

«СарыарқаАвтоПром» өндірістік алаңдарында SsangYong, Peugeot, JAC, Hyundai, Ravon, Chevrolet Niva автомобильдері және Iveco мен JAC коммерциялық техникасы шығарылады.

«Аллюр» КТ» АҚ Қазақстан аумағында SsangYong, Peugeot, Iveco, JAC брендтерінің дистрибуциясын қамтиды.

 

Байланысқа тапсырыс беру